«БЖЗҚ» АҚ 2023 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (ҚРҰБ) және инвестициялық портфельді басқарушылардың (ИПБ) зейнетақы активтерін басқару туралы есепті enpf.kz сайтында ұсынады. Зейнетақы жинақтарын инвестициялау туралы толық есеп enpf.kz сайтындағы «Көрсеткіштер-инвестициялық қызмет» бөлімінде орналастырылған. 2023 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша зейнетақы активтерінің жалпы көлемі шамамен 17 364,76 млрд теңгені құрады. Бұл ретте Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері 17 347,35 млрд теңге болды. ИПБ басқаруындағы зейнетақы активтері 17,41 млрд теңге.
ҚР ҰБ басқаруындағы зейнетақы активтерінің инвестициялық портфелі
2023 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша ҚРҰБ зейнетақы активтерін инвестициялаудың негізгі бағыттары келесідей: ҚР Қаржы министрлігінің мемлекеттік бағалы қағаздары – 47,55%, квазимемлекеттік компаниялардың облигациялары — 9,94%, Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің облигациялары мен депозиттері – 6,03%, ҚРҰБ депозиттері — 2,67%, халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары – 2,11%, шет мемлекеттердің МБҚ — 1,46%.
Зейнетақы активтері есебінен сатып алынған қаржы құралдары номинацияланған валюталар бөлінісіндегі инвестициялық портфель 2023 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша мынадай : ұлттық валютадағы инвестициялар — 69,29%, АҚШ долларында — 30,67%, басқа валютада — зейнетақы активтері портфелінің 0,04%.
Алынған кірістің құрылымын талдаудан бағалы қағаздар бойынша сыйақы түріндегі кірістер, оның ішінде орналастырылған салымдар мен «кері РЕПО» операциялары бойынша және бағалы қағаздарды нарықтық қайта бағалаудан түскен кірістер 1 286,94 млрд теңге, сыртқы басқарудағы активтер бойынша – 2,12 млрд теңге, өзге кірістер – 4,88 млрд теңге болды. Шетел валютасын қайта бағалау теріс сипатта және 14,50 млрд теңгені құрады.
Осылайша, зейнетақы активтерінің инвестициялық портфелін құралдар, салалар және валюталар бойынша әртараптандыру есебінен жыл басынан бастап 01.12.2023 ж. жағдай бойынша жалпы табыс оң болып табылады.
Инвестициялық қызмет нәтижесінде, сондай-ақ, шетел валюталары бағамдарының құбылмалылығы және қаржы құралдарының нарықтық құнының өзгеруі салдарынан 2023 жылдың басынан бастап 01.12.2023 ж. жағдай бойынша есептелген инвестициялық кіріс мөлшері 1 279,44 млрд теңге.
2023 жылдың басынан бастап салымшылардың (алушылардың) шоттарына бөлінген БЖЗҚ зейнетақы активтерінің кірістілігі инфляция 8,11% болғанда 8,9% құрады.
Бұл ретте 2023 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша БЖЗҚ салымшылары (алушылары) үшін зейнетақы активтерінің табыстылығы соңғы 12 айда (2022 жылғы желтоқсаннан 2023 жылғы қарашаға дейін) 8,9% көрсетті.
Естеріңізге сала кетейік, орта және ұзақ мерзімді перспективада зейнетақы жинақтарының оң нақты (жинақталған инфляциядан асатын) кірістілігі қамтамасыз етіледі.
Эмитенттерді көрсете отырып, ҚРҰБ басқаруындағы қаржы құралдарының инвестициялық портфелінің егжей-тегжейлі құрылымы және инвестициялық қызметке шолу БЖЗҚ-ның ресми сайтында орналастырылған. Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда зейнетақы жинақтарының сақталуына мемлекеттік кепілдік беру моделі жұмыс істейді. Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 217-бабына сәйкес мемлекет алушыларға зейнетақы төлемдеріне құқық алған сәттегі инфляция деңгейін ескере отырып, БЖЗҚ-ға нақты енгізілген жарналар мөлшерінде міндетті зейнетақы жарналары мен міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының сақталуына кепілдік береді.
Инвестициялық портфельді басқарушылар
ИПБ басқаруындағы қаражаттың жалпы көлемі 17,41 млрд теңге.
01.12.2023 ж. жағдай бойынша «Jusan Invest» АҚ сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері 5,4 млрд теңге.
Компанияның ең маңызды салымдары: ҚР ҚМ МБҚ — 40,89%, Exchange Traded Funds (ETF) пайлары – 22,71%, инвестициялық шоттардағы ақшалай қаражат – 18,77%, РЕПО – 15,88%. Айта кетейік, портфельдің 67,90% теңгемен; 32,10% — АҚШ долларымен ұсынылған.
Инвестициялық қызмет нәтижесінде, сондай-ақ, шетел валюталары бағамдарының құбылмалылығы және қаржы құралдарының нарықтық құнының өзгеруі салдарынан 2023 жылғы есептелген инвестициялық кіріс мөлшері 1 желтоқсандағы жағдай бойынша 459,49 млн теңге болды. Зейнетақы активтерінің кірістілігі 10,7% көрсетті.
«Jusan Invest» АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының инвестициялық портфелінің егжей-тегжейлі құрылымы эмитенттерді көрсете отырып, БЖЗҚ сайтында ұсынылған.
01.12.2023 ж. жағдай бойынша «Halyk Global Markets» АҚ сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері шамамен 3 млрд теңгені құрады.
Портфель құрылымындағы негізгі инвестициялар: «кері РЕПО» (күнтізбелік 90 күннен аспайтын) – 39,91%, ҚР квазимемлекеттік ұйымдарының облигациялары – 13,65%, шетелдік эмитенттердің үлестік құралдары (ETF пайлары) – 8,84%, МҚҰ облигациялары — 8,62%, шет мемлекеттердің орталық үкіметтері шығарған мемлекеттік мәртебесі бар бағалы қағаздар — 8,45%. Ұлттық валютадағы инвестициялар портфельдің 71,51%, АҚШ долларымен 28,49% құрады.
Инвестициялық қызметтің нәтижесінде 2023 жылдың басынан бастап 1 желтоқсандағы жағдай бойынша есептелген инвестициялық кірістің мөлшері 354,77 млн теңге болды. Зейнетақы активтерінің кірістілігі қызмет басталғаннан бері 28,61%, ал 2023 жылдың басынан бастап 13,86% көрсетті.
Эмитенттерді көрсете отырып, «Halyk Global Markets» ақ басқаруындағы қаржы құралдарының инвестициялық портфелінің егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында ұсынылған.
2023 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша «BCC Invest» АҚ сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері 2,6 млрд теңгені құрады.
Инвестициялардың негізгі бағыттарының ішінде мыналарды бөліп көрсетуге болады: Қазақстан Республикасының квазимемлекеттік ұйымдарының облигациялары – 26,9%, РЕПО – 22,34%, ҚР мемлекеттік облигациялары – 19,05%, пайлар (индекстерге арналған ETF) — 13,93%, АҚШ мемлекеттік облигациялары – 5,52%, инвестициялық шоттардағы ақшалай қаражат – 4,27%, МҚҰ облигациялары — 3,32%, ҚР резидент-эмитенттерінің корпоративтік облигациялары — 3, 01%. Ұлттық валютадағы құралдарға портфельдің 73,06%, АҚШ долларымен 26,94% инвестицияланды.
Инвестициялық қызметтің нәтижесінде жыл басынан бастап 2023 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша есептелген инвестициялық кірістің мөлшері 176,27 млн теңге болды. Зейнетақы активтерінің кірістілігі 11% көрсетті.
Эмитенттерді көрсете отырып, «BCC Invest» АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының инвестициялық портфелінің егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында ұсынылған.
«Сентрас Секьюритиз» АҚ сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері 2023 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша 987,4 млн теңгені құрады.
Активтердің 34,51% мөлшері ҚР ҚМ МБҚ инвестицияланды, квазимемлекеттік ұйымдардың облигациялары – 19,32%, ҚР ЕДБ облигациялары – 16,79%, инвестициялық шоттардағы ақшалай қаражат – 2,45%; РЕПО — 9,02%, ҚР эмитенттерінің акциялары мен депозитарлық қолхаттары -8,65%, АҚШ мемлекеттік облигациялары — 8,23%. Ұлттық валютадағы құралдарға портфельдің 75,94%, АҚШ долларымен 24,06% инвестицияланды.
Инвестициялық қызмет және қаржы құралдарының нарықтық құнының өзгеруі нәтижесінде 2023 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша есептелген инвестициялық кіріс мөлшері жыл басынан бері 89,83 млн теңге болды. Зейнетақы активтерінің кірістілігі 2023 жылдың басынан бастап 9,11% көрсетті.
«Сентрас Секьюритиз» АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының инвестициялық портфелінің егжей-тегжейлі құрылымы эмитенттерді көрсете отырып, БЖЗҚ сайтында ұсынылған.
2023 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша «Қазақстан Халық Банкінің «Halyk Finance ЕҰ» АҚ сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері 5,4 млрд теңгені құрады.
Портфель құрылымындағы негізгі инвестициялар: «кері РЕПО» (күнтізбелік 90 күннен аспайтын) – 51,69%, шоттардағы ақшалай қаражат – 12,98%, Қазақстан Республикасы квазимемлекеттік ұйымдарының облигациялары – 9,77%, ҚР ҚМ МБҚ – 9,13%, Exchange Traded Funds (ETF) пайлары – 6,09%, шет мемлекеттердің МБҚ — 4,49%.
Ұлттық валютадағы құралдарға портфельдің 85,18%, АҚШ долларында 13,82%, евро валютасында 0,99% инвестицияланды.
Инвестициялық қызметтің нәтижесінде 2023 жылдың басынан бастап 1 желтоқсандағы жағдай бойынша есептелген инвестициялық кірістің мөлшері 153,15 млн теңге болды. 2023 жылдың басынан бері зейнетақы активтерінің кірістілігі 15,29% көрсетті.
«Қазақстан Халық Банкінің «Halyk Finance ЕҰ» АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының инвестициялық портфелінің егжей-тегжейлі құрылымы эмитенттерді көрсете отырып, БЖЗҚ сайтында ұсынылған.
Атап кетейік, БЖЗҚ-дан зейнетақы активтерін алғаннан кейін ИПБ оларды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2023 жылғы 01 шілдедегі №62 қаулысымен бекітілген және ИПБ инвестициялық декларациясында көзделген инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру қағидаларында көрсетілген рұқсат етілген қаржы құралдарына инвестициялайды. Зейнетақы жинақтарын ИПБ басқаруына аудару кезінде мемлекеттің кепілдігі зейнетақы активтері кірістілігінің ең төменгі деңгейін қамтамасыз ету жөніндегі басқарушы компанияның кепілдігімен ауыстырылады. Табыстылықтың ең төменгі деңгейі нарықта әрекет ететін ИПБ басқаруына берілген зейнетақы активтерінің орташа алынған табыстылығына негізделе отырып есептеледі.
Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылғы 1 шілдеден бастап салымшылар инвестициялық портфельді басқарушының (ИПБ) ең төменгі жеткіліктілік шегін есепке алмай, міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) есебінен зейнетақы жинақтарының 50% мөлшерінен аспайтын бөлігін сенімгерлік басқаруға бере алады. Ерікті зейнетақы жинақтары бар салымшылар оларды ИПБ басқаруына 100% көлемінде бере алады.
ЕНПФ создан 22 августа 2013 года на базе АО «НПФ «ГНПФ». Учредителем и акционером ЕНПФ является Правительство Республики Казахстан в лице ГУ «Комитет государственного имущества и приватизации» Министерства финансов Республики Казахстан. Доверительное управление пенсионными активами ЕНПФ осуществляет Национальный Банк Республики Казахстан. С 1 января 2016 года функции по выработке предложений по повышению эффективности управления пенсионными активами переданы Совету по управлению Национальным фондом. В соответствии с пенсионным законодательством ЕНПФ осуществляет привлечение обязательных пенсионных взносов, обязательных профессиональных пенсионных взносов, добровольных пенсионных взносов, пенсионные выплаты, индивидуальный учет пенсионных накоплений и выплат, предоставляет вкладчику (получателю) информацию о состоянии его пенсионных накоплений (подробнее на www.enpf.kz)
Comments