Басты ақпарат

ORDABASY: АҚҚОЙЛЫДА ЖАҢА ФЕЛЬДШЕРЛІК-АКУШЕРЛІК ПУНКТ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

0

Бүгін Шұбар ауылдық округіне қарасты Аққойлы ауылында денсаулық сақтау саласын дамытудың 2020 – 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында жаңа фельдшерлік-акушерлік пункт пайдалануға берілді.

Жаңа нысанның ашылу рәсіміне аудан әкімі Азат Оралбаев, облыстық Денсаулық сақтау басқармасы басшысының бірінші орынбасары Бауыржан Сатыбалды мен аудандық мәслихат төрағасы Бақдәулет Жұмабеков қатысып, ауыл тұрғындарын қуанышты сәтпен құттықтады.

«Құрметті Аққойлы ауылының тұрғындары! Жаңадан ашылған медициналық пункт құтты болсын!
Жаңа ғимарат халықтың денсаулығын жақсартуға қызмет ете берсін. Биыл ауданымызда денсаулық сақтау саласы бойынша бірқатар ауқымды жұмыстар атқарылды. Жалпы ауыл, елді мекендерде 5 жаңа фельдшерлік-акушерлік пункт ашылып отыр», деді аудан әкімі өз құттықтауында.

Аталған денсаулық сақтау мекемесінің құрылысын мердігер «ВИК» ЖШС 2019 жылы мемлекеттік жекеменшік әріптестік тетігі арқылы бастап, биыл пайдалануға беріп отыр. Ендігіде ауылдағы 333 (Жалпы халық саны 638 адам) тұрғыны осы орталықтан дәрігерге дейінгі және медициналық-санитариялық алғашқы көмек ала алады.
Биыл ауданымыздың Төрткүл, Бөржар, Қараспан ауылдық округтерінде, Шұбару ауылдық округінің Сарытоғай, Жусансай ауылдарында 4 жаңа фельдшерлік-акушерлік пункт ғимараты ашылып, ел игілігіне беріліп отыр.

Ордабасы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

ORDABASY: АУДАН ӘКІМІ ӨНЕРПАЗ ӘЖЕЛЕРДІ ЖҮЛДЕСІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

Алдыңғы

ORDABASY: ҚЫЗЫЛЖАР АУЫЛЫНА ТАБИҒИ ГАЗ БЕРІЛДІ

Келесі

Оқи отырыңыз...

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *