Басты ақпарат

ORDABASY: АУДАН ӘКІМІ ӨНЕРПАЗ ӘЖЕЛЕРДІ ЖҮЛДЕСІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

0

Бүгін аудан әкімі Азат Оралбаев аудандық Әжелер алқасы жанынан құрылған «Асыл әжелер» өнер ұжымын қабылдап, Жаңа жылдарымен құттықтады.

«Баршаңызды келе жатқан Жаңа жылмен құттықтаймын. 2024 жылы ауданымыздың 60 жылдығы. Осынау тарихи сәтті атап өтуде Сіздердің ақыл-кеңестеріңіз маңызды. Өнерлеріңіз әрқашан үстем болып, өскелең ұрпаққа ұлттық құндылықтарымызды үгіттей беріңіздер», деді аудан әкімі әжелерді құттықтауында.

Аудан басшысы өз өнерлерімен көпшілікті тәнті етіп, өскелең ұрпаққа үлгі-өнеге болып, ұлттық құндылықты насихаттап, елдің бірлігі мен ынтымағын нығайтып жүрген «Асыл әжелер ансамблінің» мүшелерін жеңістерімен құттықтап, алғысын білдірді.
Ізет танытып ақ орамал жабып, сый-құрмет көрсетті.

Айта кетерлігі, биыл «Асыл әжелер» өнер ұжымы ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің бұйырығымен бекітілген көркемөнерпаздар ұжымдарына берілетін «Халықтық» және «Үлгілі» атағын иеленсе, «Өнерлі елдің өрісі биік» атты республикалық ата-аналар арасындағы өнер байқауында өнер ұжымы командалық және жекелей сайыстарда топ жарған.

Ордабасы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Жаңа жыл мерекесінде өрт қауіпсіздігін сақтау ережесі

Алдыңғы

ORDABASY: АҚҚОЙЛЫДА ЖАҢА ФЕЛЬДШЕРЛІК-АКУШЕРЛІК ПУНКТ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

Келесі

Оқи отырыңыз...

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *