Ақпарат ағыны

Мәслихат депутаттарының алғашқы форумы

0

Астана қаласында  «AMANAT» партиясы мәслихат депутаттарының бірінші республикалық форумы өтті.

         

    Форумда Мемлекет басшысы Қасым Жомарт Тоқаевтың реформаларын жүзеге асыру аясында өңірлік дамудың және мәслихаттардың өкілеттіктерін кеңейтудің өзекті мәселелері талқыланды. Жиынға Сенат пен Мәжіліс депутаттары, Премьер-Министр, Мемлекеттік кеңесші, Үкімет мүшелері және еліміздің барлық өңірлерінен келген екі жарым мыңға жуық мәслихат депутаттары қатысты.

Форумды «AMANAT» партиясының Атқарушы хатшысы Елнұр Бейсенбаев жүргізіп отырды.

Форумда алғашқы болып сөз сөйлеген «AMANAT» партиясының төрағасы Ерлан Қошанов — бұл басқосу ең алдымен билік тармақтарының өзара байланысы нығайып, мемлекет пен қоғам алдында тұрған мәселелерді ашық талқылауға, бірлесіп шешуге зор мүмкіндік беретінін жеткізді. «AMANAT» партиялық вертикальдың жұмыс істейтінін және азаматтар партияға сенім артатынын дәлелдеді. Қазір маслихат депутаттарына партиялық вертикальға толық қосылуға, оның ресурстары мен мүмкіндіктерін пайдалануға, шешімдер әзірлеп, оны қабылдауға мүмкіндік беру маңызды. Жалпы, келесі сайлауда кадр резервін бірінші кезекте мәслихат депутатттарының белсенді, адал, халық арасында сенім мен беделі бар азаматтардан қалыптастыру керек деген ойын айтты.

Форумға келген 2,5 мың мәслихат депутаттары 11 секцияға бөлініп, панельдік сессияда білікті спикерлерден дәріс алды. Біздің топ Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыровпен бірге өткіздік.

Басқосуда депутаттар оларды тыңдап қама қоймай, өздерінің аймақтарындағы өзекті мәселелеріне  қатысты сұрақтарын қойып, нақты  жауаптарын алды. Халық қалаулылары жұмыла жұмыс істеудің әдіс-тәсілдерін талдап, мәселені шешудің тиімді жолдарын қарастыруға дағдыланды.

Алдағы уақытта, осы Форумда  Премьер –Министрмен  және Үкімет мүшелерімен кездесіп, ұсыныс-пікірлерін айтып, дәріс алған халық қалаулылары өздерінің бар күш жігерін  халыққа адал қызмет ету үшін жұмсайды деген ойдамын.

«AMANAT»партиясы Ордабасы аудандық филиалының төрағасы, аудандық мәслихат депутаты Ә.Бердімұрат.

 

.

 

 

 

 

 

 

ШОМЫЛУ ОРЫНДАРЫНА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР

Алдыңғы

ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮРГІЗДІ

Келесі

Оқи отырыңыз...

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *