Президент өз сөзінде
еңбексүйгіштік, іскерлік сияқты, сондай-ақ, жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды өзіміз үлгі көрсету арқылы біздер жастар мен өскелең ұрпаққа дәріптеуіміз керектігіне, ұрпақ тәрбиесіне оң ықпал ететін шараларды кешенді түрде жүргізумен қатар оқу-ағарту ісін жаңғырту қажеттігіне көңіл бөлді. Түркістан қаласында өткен Ұлттық Құрылтайдың отырысында «Әділетті Қазақстан — Адал азамат» атты тақырыпта сөз сөйлеген Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев: «Тазалық пен ұқыптылық күнделікті өмір салтымызға айналуы қажет: қалалар мен ауылдардың сәулетті, саябақтар мен ауланың таза болуы, ең алдымен, басқа біреуге емес, өзімізге керек. Жұрттың бәрі өз үйінің жайлы әрі әдемі болғанын қалайды. Бұл дұрыс. Азаматтарымыз қоғамдық орындар мен қоршаған ортаға да, дәл сондай жанашыр көзбен қарауға тиіс. Қазақстан – бәрімізге ортақ, оның қандай болатыны тек бізге байланысты. Яғни, біз іші де, сырты да бүтін ел болуымыз керек… Негізгі мақсат – табысты мемлекет болу. Бұл мызғымас қағида болуға тиіс», — деді.
Сонан соң Президентіміз Ұлттық Құрылтай – халқымыздың мақсатын ұйыстыратын бірегей құрылым екендігі, ол арқылы Ұлт тағдыры сынға түскенде бәрі ақылдасып, елдің болашағын айқындағаны, қалың жұрт салиқалы сөзге тоқтап, ел бастаған ерлерге көш тізгінін ұстатқандығы, бір ел және бір халық болып сыртқы қатерге қарсы тұрғандығы, қазақтың бірлігі мен тұтастығының ордасы болған киелі Түркістан болашақта да осы мәртебелі миссиясын атқара беретіндігі жайлы айтты. Еліміздің дамуына кедергі келтіретін нәрсенің барлығынан арылып, қоғамымызды нығайта түсу үшін алға қойған мақсатымызды, яғни саяси-экономикалық реформалар мен қоғамдағы терең әлеуметтік-мәдени өзгерістерді қатар іске асыруымыз қажеттігін ерекше атап өтті және бұл – өте маңызды міндет екендігін, сондықтан біз алға үздіксіз басуымыз керектігін сөз етті.
Президент Өз сөзінде еңбексүйгіштік, іскерлік сияқты, сондай-ақ, жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды өзіміз үлгі көрсету арқылы біздер жастар мен өскелең ұрпаққа дәріптеуіміз керектігіне, ұрпақ тәрбиесіне оң ықпал ететін шараларды кешенді түрде жүргізумен қатар оқу-ағарту ісін жаңғырту қажеттігіне көңіл бөлді.
Қорыта келгенде: Елімізде жаңа қоғамдық этика қалыптасуы керек. Онда елдің бірлігі және тұрақтылығы азаматтардың өзара тілектестігі, әділдік, заң мен тәртіп, сенім және жауапкершілік сияқты құндылықтыр үстемдік құруы қажет. Отаншылдық, адамгершілік, білімпаздық, нағыз маман болу, үнемшілдік, еңбекқорлық, ел мен жерге жанашырлық сияқты асыл қасиеттер бәрінен биік тұруға тиіс. Осындай ізгі қасиеттің бәрін бойына сіңірген жанды – Адал азамат деген бір ауыз сөзбен сипаттауға болатынын атады. Мемлекет басшысының атаған мәселелері халықтың көңілінен шығатындығы белгілі. Әрбіріміздің осы істе үлесіміз қомақты екені түсінікті. Ниет пен істің бір арнада тоғысқанда ғана алар асу оңай болары айқын!
Гүлия ТАЙТЕЛИЕВА,
«Ордабасы аудандық әйелдер кеңесі»
қоғамдық бірлестігінің төрайымы.
Comments