Күн тәртібіне сәйкес, қыс-көктем айларында болуы мүмкін су тасқынының алдын-алу мен 2024-2025 жылдары жылыту маусымындағы өрт қауіпсіздігімен иісті улы газдан сақтану туралы Ордабасы ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы азаматтық қорғау подполковнигі Ж.Коспанов баяндама оқып, бірнеше ұсыныстар жасады. Ұсыныстарға сәйкес, аудан әкімі, комиссия төрағасы А.Оралбаев тиісті мекеме басшыларына, ауыл округі әкімдеріне тиісті тапсырмалар беріліп, хаттамаға енгізілді.
Сонымен қатар жылыту маусымы басталғанға дейін аудандағы өрт сөндіру бөлімдерімен, бекеттерін табиғи газбен тездетіп қамтамасыз ету бойынша жауапты орынбасарға тапсырма берілді.
Comments