Басты ақпарат

ТҮРКІСТАНДЫҚ ОҚУШЫЛАР ҮЗІЛІС КЕЗІНДЕ ҰЛТТЫҚ СПОРТ ТҮРЛЕРІМЕН АЙНАЛЫСАДЫ

0

Түркістан қаласындағы №32 жалпы білім беретін мектеп оқушыларының ұлттық спорт түрлеріне қызығушылығы жоғары. Онда шәкірттер садақ ату, ләңгі тебу, гір тасын көтеру, арқан тарту мен тоғызқұмалақ сынды спорт түрлерімен айналысады. Білім ордасының директоры Айгүл Бабашеваның бастамасымен құрылған «Орда» жобасының балаларға берері көп. Басты мақсат- оқушылар арасында ауызбіршілік пен ұлттық құндылықтарға деген ынтаны арттыру.

Оқушылар ұлттық спорт түрлерінен ғана емес, зияткерлік сайыстары мен мәдени іс-шараларда да белсенділік танытып келеді. Оқу жылының соңында әр бірлестіктің ұпай сандары жинақталып, ең жоғары ұпай жинағанына «Орда» кубогы мен еліміздің көрікті жерлеріне саяхаттауға жолдама табыс етілмек. Сондай-ақ, тоқсандағы жетістіктері үшін де әр бірлестікке мәдени орталықтарға билеттер беріледі.

ҚЫЗМЕТ АЛУШЫНЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ TELEGRAM БОТ ПЛАТФОРМАСЫ АРҚЫЛЫ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРІЛДІ

Алдыңғы

ТУРКЕСТАНСКИЕ ШКОЛЬНИКИ ВО ВРЕМЯ ПЕРЕРЫВА ЗАНИМАЮТСЯ НАЦИОНАЛЬНЫМИ ВИДАМИ СПОРТА

Келесі

Оқи отырыңыз...

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *