Ақпарат ағыныЖүгіртпеҚоғам

Полицейлер анасының алтын сырғасын ұрлаған күдіктіні ұстады

0

Төлеби аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданды. Жәбірленуші әйелдің айтуынша, оның бағалы алтын сырғасын белгісіз жағдайда ұрлаған. Жәбірленушіге келген шығын көлемі 150 000 теңге. Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 188-бабы 1-бөлігі «Ұрлық» бойынша тіркеуге алды.

Оқиғаны естіген бойда тәжірибелі тәртіп сақшылары көрсетілген мекенжайға тез арада келіп жетті. Полицейлер жиналған ақпарат көздеріне қарай қажетті шараларды жүзеге асырды.

Нәтижесінде аталған ұрлық қылмысына қатысы бар күдікті өзінің баласы болып шықты. Яғни жәбірленушінің ішімдікке әуес ұлы ішімдік алу үшін өз үйіне ұрлыққа түсіп, анасының әшекейін жымқырған. Ал қолды еткен алтын бұйымды көршісіне сатып жібермек болған. Десек те, тәртіп сақшыларының қырағылығы нәтижесінде жас жігіттен айғақты зат ретінде алтын сырға алынды. Күдікті өз істеген ісіне өкінішін білдіруде. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Түркістан облысының полицейлері тұрғындарға «Ұрлық түбі – қорлық» екендігін ескертеді. Сондықтан өзгенің, тіпті өз жақының болса да ұрлық жасамау қажет.

НАЗНАЧЕН РУКОВОДИТЕЛЬ УПРАВЛЕНИЯ ЗДРАВООХРАНЕНИЯ

Алдыңғы

Патрульдік полицейлер автокөлігі бұзылып жүрмей қалған жүргізушіге көмектесті

Келесі

Оқи отырыңыз...

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *