Ақпарат ағыны

«Отбасы құндылықтары. Зорлық-зомбылықсыз отбасы-бақытты отбасы»

0
«Ордабасы аудандық әйелдер кеңесі» қоғамдық бірлестігі, аудандық ішкі саясат бөлімі, аудандық орталықтандырылған кітапхана, аудандық мәдениет үйі, полиция бөлімі, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерімен бірлесе отырып, Жастар ресурстық орталығында «Отбасы құндылықтары. Зорлық-зомбылықсыз отбасы-бақытты отбасы» атты тақырыбында кездесу өтті.
Кездесу барысында қатысушылар тақырыптық буклеттер мен кітап көрмесін көріп, арнайы әзірленген бейне роликті тамашалады.
Кездесуді аудандық әйелдер кеңесінің төрайымы Г. Тайтелиева ашып, жиынның маңыздылығын айтып өтті.
Осы орайда, аудандық кітапхана қызметкерінің тақырыптық баяндамасы тыңдалып, «Әлеуметтік сүйемелдеу секторы» меңгерушісінің аудандағы отбасылық зорлық-зомбылықтың жайы мен оның алдын алу шаралары, аудандық Полиция қызметкері отбасының ынтымағын, бірлігін сақтауға бағытталған қолданыстағы заңдардың талаптарын түсіндірді.
Кездесуге арнайы шақырылған, медицина саласында еңбек етіп, зейнеткерлікке шыққаннан соң ынтымақты отбасында берекелі кәсібін дөңгелетіп отырған Көктөбе ауылының тұрғыны ТӨЛЕНТАЙ Закира, Саз мектебінде ұзақ уақыт қызмет жасаған, мектеп гимназияның ұстазы, бақытты отбасында ұлағатты ұл-қыз тәрбиелеген Сүйінова Халима, самбодан Қазақстанның 11 дүркін, Азияның 5 дүркін чемпионы, әлем чемпионатының күміс, қола жүлдегері, спорт шебері — БИЗАҚ Маржан Мұратқызының анасы ПАРЖАН Гүлзира отбасының татулығын сақтауға, бала тәрбиесіне жасаған еңбектері мен ұл-қыздарының жетістіктерін мақтанышпен әңгімелеп, жиынға қатысушылардың ризашылықтарына бөленді.
Сонымен қатар, Мәдениет үйінің өнерпаздары жиналған қауымға ән-күй тарту етіп, көңіл күйлерін көтерді.
Бұл кездесу Қажымұқан ауыл округінде өтіп, қалған ауыл округтерде жалғасатын болады.

Биыл қаңтар-шілде айлары аралығында Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры 15 млн қызмет көрсетті

Алдыңғы

«Отбасындағы зорлық-зомбылықсыз тәрбие — ұлттың жарқын болашағының кепілі!»

Келесі

Оқи отырыңыз...

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *