Басты ақпарат

ОРДАБАСЫ: ТЕМІРЛАНДА ХАЛЫҚҚА ҚОЛ ЖЕТІМДІ БАҒАДА ЖӘРМЕҢКЕ ӨТТІ

0
Бүгін аудан әкімі Азат Оралбаевтың тапсырмасымен дәстүрлі ауыл шаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі өтті.
Ауданымызға қарасты 10 ауылдық округтің дихандары жеткізген өнімдер әдеттегідей, нарықтағы бағадан анағұрлым төмен бағамен сатылды.
Темірлан ауылының Орталық алаңында өткен жәрмеңке жұмысы таң сәріден қызды. Сөреге көкөніс, тауық еті, шұжық, сүт және жеміс-жидек, бақша өнімдері жалпы көлемі 30-дан астам жуық өнімдер саудаланды.
Жәрмеңкенің басты артықшылығы — бағаның төмендігі. Диқандар мен малшылардың биылғы еңбегі еленіп, қол жеткізген жетістігі жиналғандар алдында сараланды. Азық-түлік нарықтық құннан 15-20 пайыз төмен саудаланды. Мәселен тауық еті кг 1300 тг, алма кг 200-250 тг, картоп 100-140 тг, жуа 100- тг ден саудаланды.
Тауар өндірушілер өнімдерін делдалсыз сатып, табыс тапты. Келушілер адал азығын қолжетімді бағаға ұсынған шаруаларға алғысын жаудырды.
Алдағы уақытта жәрмеңке әр аптаның сенбі күні ұйымдастырылатынын хабарлаймыз.
Ордабасы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

ОРДАБАСЫ: ТЕМІРЛАНДА АҚЫЛ-ОЙ БӘСЕКЕСІ – ШАХМАТ БАЙҚАУЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

Алдыңғы

ОРДАБАСЫ: «ТУҒАН ЖЕРДІ ЖАСЫЛДАНДЫРУ ЖАЛҒАСЫН ТАБУДА»

Келесі

Оқи отырыңыз...

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *