Басты ақпарат

ORDABASY: ТҰРҒЫНДАРДЫҢ МӘСЕЛЕСІ ЖАН-ЖАҚТЫ ҚАРАСТЫРЫЛДЫ

0

Аудан әкімі Азат Оралбаев кезектілік тәртібімен жазылған азаматтарды қабылдады. Жеке қабылдауға Төрткүл, Қараспан, Бадам, Шұбар ауылдық округтерінен 10-ға жуық азамат өтініш-тілектерін аудан басшысына жеткізіп, түйткілдердің оң шешiм табуына ықпал жасауды сұрады.

Қабылдауға келген тұрғындардың басым бөлігі суармалы жер, мемлекеттік бағдарламаға қатысып, несие алу, үйіргелік жер телімін сұрау, егістікке қажетті ағын су бойынша өтініштерін айтты. Аудан басшысы қабылдауға келген азаматтардың мәселелерін жан-жақты зерттеліп, шешімі заң талаптарына сәйкес қарастырылатынын жеткізді.

Жеке қабылдауда кейбір мәселелер бойынша жауапты тұлғалар тұрғындаға заң аясында түсіндірме беріп, шешу жолдарын ұсынды.
Мәселен, Көкарал ауылынан келген азаматтың өзіне тиесілі жер телімі құжатқа құнытсыздық салдарынан басқа азаматтың қолына өтіп кеткен. Алайда жерін өзіне қайтарып алуды сұрайды. Өз кезегінде аудан басшысы округ әкімі мен аудандық Ауыл шаруашылық және жер қатынастары бөлімінің басшысына аталған мәселені екі жақты өзара келісім арқылы шешуді тапсырды.
Бадам, Қараспан ауылдық округтерінен келген екі азамат «Ауыл аманаты» бағдарламасы арқылы несие алуға өтінім білдіргенмен, түрлі себептермен оңды нәтиже шықпағанын айтып, аудан басшысына қолдау көрсетуге жүгінді. Кәсіп бастауға ниетті азаматтарға әрқашан қолдау білдіретінін жеткізген аудан басшысы жауапты мекеме басшыларына, округ әкімдеріне «Ауыл аманаты» бағдарламасына заңдық талап негізінде қатысуын қамтамасыз етуді айтты.

Балпан каналындағы ағын су мәселесі бойынша Шұбар ауылынан келген тұрғындармен пікірлескен аудан басшысы Азат Әбдіғалиұлы көктемгі дала жұмыстарына дейін диқаншылыққа қажетті ағын су мәселесін шешулі салалық бөлім басшысына жүктеді.
Қабылдауға келген азаматтардың өтініштері тіркеліп, тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар берілді.

Алдағы уақытта жергілікті билік органының өз құзыреті аясында мәселелерді шешу мақсатында тиісті шаралар қабылданатын болады.

Ордабасы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Инвестиционные портфели пенсионных активов под управлением НБРК и УИП по состоянию на 1 декабря 2023 года

Алдыңғы

АЗАТ ОРАЛБАЕВ: “ХАЛЫҚТЫҢ СЕНІМІ МАҢЫЗДЫ”

Келесі

Оқи отырыңыз...

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *