Басты ақпарат

ORDABASY: ЕЛ ДЕМОГРАФИЯСЫНА ҮЛЕС ҚОСҚАН АЛТЫН ҚҰРСАҚ АНАЛАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

0

Бүгін аудан әкімі Азат Оралбаев, аудандық мәслихат төрағасы Бақдәулет Жұмабеков көпбалалы аналарды қабылдап, «Алтын алқа» белгілерін табыстады.

Марапаттау сәтінде аудан әкімі әр шаңырақтың ұйытқысы, берекесі болып отырған аналарға халық санын көбейтуде ерекше үлес қосқандары үшін алғысын айтып, гүл шоқтарын тарту етті.

«Әр бала өз ризық-несібесімен өмірге келеді, деген жақсы сөз бар. Сіздер өмірге алып келген әрбір сәби болашақ еліміздің тізгінін ұстайтын үлкен азамат боларына сеніміміз мол. Қандай құрметке болса да лайықсыздар. Алдағы уақытта сол еңбектеріңіздің жемісін көріп, балаларыңыздың қуанышына тоймай жүре беріңіздер. Барлығыңызға денсаулық, бақыт, отбасыларыңызға амандық тілеймін», – деген аудан басшысы көпбалалы аналарға дәстүрге сай иықтарына орамал жапты.

Салтанатты шарада ҚР Президентінің Жарлығына сәйкес ауданға қарасты ауыл, елді мекендерден келген 15 анаға «Алтын алқа» белгісін табыстады.

Айта кетерлігі, аудан аумағында 1084 «Алтын алқа», 2692 «Күміс алқа», 109 «Батыр ана», 1-2 дәрежелі Ана даңқын иеленген 256 әйел азаматтар тұрады.

Ордабасы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

ORDABASY: АУДАН ОРТАЛЫҒЫНЫҢ СӘУЛЕТТІК КЕЛБЕТІНЕ БАСА МӘН БЕРІЛЕДІ

Алдыңғы

ORDABASY: АППАРАТ БАСШЫСЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Келесі

Оқи отырыңыз...

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *