Басты ақпарат

ORDABASY: АУДАННЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫНА ҮЛЕС ҚОСҚАН КӘСІПКЕРЛЕРГЕ АЛЫҒЫС АЙТТЫ

0
Бүгін аудан әкімі Азат Оралбаев 2023 жылы ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқан бірқатар кәсіпкерлерді қабылдап, құрмет көрсетті.
«Оңтүстік кірпіш», «Gold Aluminium», «KAZKIOTI» кәсіпорындарының басшыларымен кездесуде аудан әкімі өндіріс көлемін арттырып, табысын еселей түскен бизнес өкілдеріне жергілікті тұрғындарды жұмыспен қамту жағына баса назар аударуға шақырды.
Сондай-ақ, Азат Әбдіғалиұлы аудан әкімдігі өндірісті дамытуға ниетті кәсіпкерлерге инфрақұрылым, жер телімдері секілді қажеттіліктерге қолдау көрсетуге әрқашан дайын екендігін жеткізді.
Кездесу соңында «Оңтүстік кірпіш» ЖШС-нің темір-бетон бұйымдарын өндіру жобасның директоры Бегалы Мухамедов, «Gold Aluminium» ЖШС-нің алюминий профиль бұйымдарын өндіру жобасының директоры Надирбек Абдымажитов, «KAZKIOTI» ЖШС-нің трактор жинау зауытының басқарушы директоры Бахтиер Маматовқа аудан әкімінің арнайы Алғыс хаты мен кәдесый табыс етілді. Өз кезегінде еңбегі еленген кәсіпкерлер аудан әкіміне алғыс білдірді.
Айта кетерлігі, былтыр қазан айында мемлекеттік қабылдаудан өтіп, жұмыс жүргізген «Оңтүстік кірпіш» кәсіпорынының жоба құны 2,9 млрд.теңгені құраса, 2023 жылдың қыркүйек айында мемлекеттік қабылдаудан өткен «Gold Aluminium» зауытының жоба құны 3,0 млрд.теңгеге жеткен.
Ал, 2017 жылы іске қосылған «KAZKIOTI» трактор құрастыру мекемесі былтыр 200-ге жуық трактор жинап, сатылымға шығарған.
Ордабасы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

ӘЙЕЛДЕР ҚАНАТЫ – ЕЛЖАНДЫЛЫҚТЫҢ ҰЙЫТҚЫСЫ

Алдыңғы

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЗАМАНАУИ МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҚ АШЫЛДЫ

Келесі

Оқи отырыңыз...

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *