Бүгін аудан әкімі Азат Оралбаев
Бадам ауылында тұратын ғасыр жасаған Болған Ахметова мен “Батыр ана” Нағима Қарсыбайқызы әжелердің шаңырағында болып, 8 Наурыз — Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады.



Аудан басшысы қос анаға ізгі тілегін білдіріп, гүлшоқтарын табыс етті. Иықтарына ақ орамал жапты. Өз кезегінде ақ жаулықты аналар ақ батасын беріп, елге тыныштық тіледі.

Comments