Ақпарат ағыны

Н.Бадырақов: ТАПСЫРМАЛАРҒА САЛҒЫРТ ҚАРАМАУ ҚАЖЕТ

0
Бүгін аудан әкімі Нұрбек Бадырақовтың төрағалығымен кезекті аппарат мәжілісі өтті.
Мәжіліс күн тәртібінде:
— Ауданның бюджет қаржысының орындалуы,
-Жайылым жерлерді қайтару бойынша атқарылып жатқан жұмыс барысы;
-Ауылдық округтердегі сыртқы көрнекі ақпарат құралдарының жай күйі және сайлауға байланысты көрнекі құралдарының іліну барысы туралы баяндамалар тыңдалды.
Аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы А.Сихымбаева аудандағы салық түсіміне тоқталып, жыл соңына дейін бюджет қаржысының толығымен игерілетінін айтты.
Аудандағы күрделі мәселенің бірі -жайылымдық жер. Аталған мәселе бойынша елді мекендердегі ортақ жайылым көлемін ұлғайту жоспары әзірленіп, әр айға жоспар кестесі бекітілген. Бүгінгі күні пайдаланылмай жатқан жер иелерімен меморандумға тұру жұмыстары жүргізілуде. Аудан басшысы кейбір ауыл әкімдері тарапынан халықпен түсіндірме жұмыстарының тиісті деңгейде жүргізілмей жатқандығын тілге тиек етіп, оларға заңға сәйкес шара көрілетіндігін ескертті.
Аудан әкімінің баспасөз қызметі

ҚАЙТА ЖАҢҒЫРҒАН МЕРЕКЕНІ ТҮРКІСТАНДЫҚ ЖАСТАР ДА АТАП ӨТТІ

Алдыңғы

ТҮРКІСТАН: ТЕМІРЖОЛШЫЛАР КАНДИДАТ Қ.К.ТОҚАЕВТЫ ҚОЛДАЙДЫ

Келесі

Оқи отырыңыз...

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *