Басты ақпарат

Мал ұрлығының алдын алу – ортақ міндет

0

Мал шаруашылығы – ауыл тұрғындарының негізгі күнкөріс көзі. Сондықтан мал ұрлығы әрбір отбасыға материалдық шығын келтіріп қана қоймай, ауыл тұрғындарының алаңдаушылығын арттырады.

Өкінішке қарай, соңғы уақытта мал ұрлығы фактілері тіркелуде. Жүргізілген талдау барысында ұрланған малдардың басым бөлігінің сырғаланбағаны немесе уақтылы ветеринариялық есепке қойылмағаны анықталды. Мұндай жағдайда малдың иесін анықтау және оны іздестіру қиындай түседі.

Осыған байланысты барлық мал иелеріне малдарын міндетті түрде бірдейлендіріп, сырғалау, ветеринариялық есепке қою және сырғасы жоғалған жағдайда оны уақытылы ауыстыру (замена) жұмыстарын жүргізу ұсынылады. Сонымен қатар малды қараусыз жібермеу, қора-жайды сенімді бекіту және күдікті жағдайлар туралы дереу құқық қорғау органдарына хабарлау қажет.

Мал ұрлығының алдын алу – тек полиция немесе ветеринария қызметінің ғана емес, барлық ауыл тұрғындарының ортақ міндеті. Әрбір азамат сақтық шараларын сақтап, өз малына жауапкершілікпен қараса, мал ұрлығының алдын алуға болады.

Малыңызға сырға салыңыз, ветеринариялық есепке қойыңыз және қауіпсіздігін қамтамасыз етіңіз. Бірге әрекет етіп, мал ұрлығына тосқауыл қояйық!

БЖЗҚ 2026 жылдың 1 маусымындағы жағдай бойынша зейнетақы жинақтарын инвестициялау есебін ұсынады  

Алдыңғы

Оқи отырыңыз...

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *