ҚР Әлеуметтік кодексіне сәйкес, 01.07.2023 жылдан бастап зейнетақы жинақтарын ИПБ сенімгерлік басқаруынан ҚРҰБ сенімгерлік басқаруына қайтару мерзімі қысқарды. Яғни, Сіз БЖЗҚ-ға зейнетақы жинақтарын ИПБ сенімгерлік басқаруына берген күннен бастап 1 жыл өткен соң ҚРҰБ сенімгерлік басқаруына қайтару туралы өтініш бере аласыз (бұрын мұндай өтінішті зейнетақы жинақтарын ИПБ сенімгерлік басқаруына алғаш бергеннен кейін тек 2 жылдан кейін ғана беруге болатын).
Егер зейнетақы жинақтары бір ИПБ-ға бірнеше рет аударылған болса, онда зейнетақы жинақтарын ҚРҰБ сенімгерлік басқаруына қайтару зейнетақы жинақтарын ИПБ-ның сенімгерлік басқаруына алғаш берген күннен бастап 1 жылдан кейін ғана жүзеге асырылатын болады.
Зейнетақы жинақтарын бір немесе бірнеше ИПБ-ға аудару, сондай-ақ, жинақтарды ҚРҰБ басқаруына қайтару үшін салымшы БЖЗҚ-ға өтінішпен жүгінуі қажет. Оны Қор сайтындағы Жеке кабинет арқылы не БЖЗҚ-ның кез келген бөлімшесіне өзі жүгінген кезде беруге болады.
МЗЖ және (немесе) МКЗЖ есебінен зейнетақы жинақтарының бір бөлігін ИПБ-ға аудару кезіндегі барлық қажетті ақпарат пен қадамдық нұсқаулық www.enpf.kz сайтындағы «Қызметтер» — «Зейнетақы жинақтарының бір бөлігін сенімгерлік басқаруға аудару» бөлімінде орналастырылған.
Comments