Ақпарат ағыны

ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер қызметкерлерінің еңбек өтілін қалай растауға болады? Оны БЖЗҚ-ға хабарласу арқылы жасауға бола ма?

0

2019 жылғы 20 желтоқсандағы Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің еңбекшілерін зейнетақымен қамсыздандыру туралы келісім шеңберінде Қазақстан Республикасындағы (бұдан әрі – ҚР) еңбекшілердің жұмыс өтілін растау жөніндегі құзыретті органдар:

1) ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің комитеті және оның аумақтық бөлімшелері — 1998 жылға дейін жинаған еңбек өтілін растау бөлігінде;

2) БЖЗҚ-ның аумақтық бөлімшелері — 1998 жылғы 1 қаңтардан бастап жиналған еңбек өтілін растау бөлігінде (міндетті зейнетақы жарналарын аудару туралы ақпараттық жүйенің деректері бойынша).

Толық ақпарат enpf.kz сайтындағы «Қызметтер» бөлімінде орналастырылған.

Еуразиялық экономикалық одақтың (бұдан әрі – ЕАЭО) интеграцияланған жүйесін пайдалануға көшкенге дейін ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің құзыретті органдары арасындағы өзара іс-қимыл Өзара іс-қимыл тәртібінің[1] 3-тармағында көзделген нысандармен, сондай-ақ зейнетақыны тағайындау және төлеу үшін қажетті құжаттармен алмасу арқылы қағаз түрінде жүзеге асырылды.

Осылайша, ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің азаматтары Қазақстан Республикасының аумағында жинаған еңбек өтілін растау мақсатында, ЕАЭО-ға мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес өтініш білдірген тұлға үміт артып отырған зейнетақыға құқықтың пайда болуы үшін ЕАЭО-ға мүше осы мемлекеттің құзыретті органы ҚР жоғарыда аталған құзыретті органдарына осындай адамдарға қатысты жұмыс өтілі кезеңіне байланысты жұмыс өтілі туралы «Сұраныс» нысанын жіберуі қажет.

 

 

[1] Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2020 жылғы 23 желтоқсандағы № 122 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің еңбекшілерін зейнетақымен қамсыздандыру туралы келісімнің нормаларын қолдану жөніндегі Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары, құзыретті органдары және Еуразиялық экономикалық комиссия арасындағы өзара іс-қимыл тәртібі

 

1. Қазақстан Республикасының қай санаттағы азаматтары міндетті зейнетақы жарналарын төлеуден босатылады?

Алдыңғы

Как можно подтвердить трудовой стаж работников государств-членов ЕАЭС? Возможно ли это сделать, обратившись в ЕНПФ?

Келесі

Оқи отырыңыз...

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *