Әлеуметтік кодекстің ережелерінде БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдеріне негіз бола алатын жағдайлардың нақты тізбесі көрсетілген. Оның ішінде Алушының қайтыс болуына (жерлеуге және (немесе) мұрагерлерге) байланысты жасалатын төлем де бар. Тиісінше, БЖЗҚ зейнетақы жинақтары сомасының есебін жүргізуді алушы немесе оның мұрагері (мұрагерлері) осы соманы талап еткенге дейін жалғастыра береді.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес, егер өсиет бойынша және заң бойынша мұрагерлер болмаса не мұрагерлердің ешқайсысының мұрагерлікке құқығы болмаса не олардың барлығы мұрадан бас тартса, мұра иесіз мүлік болып танылады және мұра ашылған жер бойынша коммуналдық меншікке өтеді.
Осылайша, мұра иесіз мүлік деп мұра ашылған күннен бастап бір жыл өткеннен кейін мұра ашылған жер бойынша республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының өтініші негізінде сот шешімі бойынша ғана танылуы мүмкін.
Comments