Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев Ордабасы ауданына жұмыс сапарымен келді. Аудан көлеміндегі білім ошақтарында жүргізіліп жатқан жұмыстармен жіті танысып, бірқатарына ескерту жасады. Алда тұрған міндеттерге жауапкершілікпен қарауды талап етіп, сапалы әрі дер кезінде аяқтауды тапсырды.
Биыл аудан бойынша 7 мектепке ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Алдымен Бадам ауылындағы А.Шерімқұлов атындағы жалпы орта мектебіне барып, ағымдағы жөндеу жұмыстарымен танысты. Мектеп 1978 жылы пайдалануға берілген. 640 орындық мектепте 849 оқушы білім алады. Мұнда спорт, акт залдарының жоғарғы қабырғасын жөндеу, еденін, ленолиумын ауыстыру, ішкі қабырғаларын қырып, сылау және есік-терезелерін ауыстыру жоспарланған. Содан соң Мәдениет ауылы, Қ.Сәтбаев атындағы жалпы орта мектебіне соқты. 300 орындық білім ұясы 2009 жылы пайдалануға берілген. Мектептің сыртын қаптау жұмыстары, терезенің тұтқаларын, есік ауыстыру, едендерін қалпына келтіру, ішкі жарылған қабырғаларын жөндеу және жылу жүйесін реттеу жұмыстары жүргізілуде.
Жұмыс барысында Берген ауылы, К.Омаров атындағы жалпы орта мектептің ағымдағы жөндеу жұмыстарымен танысты. 420 орындық ғимарат 2007 жылы пайдалануға берілген. 402 оқушы білім алады. Жоспар бойынша сырты қапталып, ішкі қабырғаларын әктеу, сырлау, едендерін қалпына келтіру жұмыстары жүргізіледі. Сонымен қатар ленолиум, ағаш еден және кафель еден ауыстырылады. Бұдан бөлек Батыр ата ауылындағы І.Есенберлин атындағы және Амангелді ауылындағы Ғ.Мұратбаев атындағы жалпы орта мектептерінде ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Білім ошағының сырты қапталып, терезе-есіктері ауыстырылады. Ішкі қабырғаларын әктеу, сырлау, едендерін қалпына келтіру, ленолиум төсеу сынды жұмыстар да жоспарда бар. Ал Жеңіс ауылындағы Ө.Тұрманжанов, Бөген ауылындағы Б.Кенжебаев атындағы жалпы орта мектептерінің сыртқы қабырғасын металосайдингпен қаптау жоспарланған.
Сапар соңында облыс әкімінің орынбасары жауапты мердігерлермен сұқбаттасып, нысандарды сапалы және белгіленген уақытта аяқтап, ел игілігіне беруді тапсырды.
Comments