Бүгін «AMANAT» партиясы Ордабасы ауданындағы «Бадам» бастауыш партия ұйымында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Ержан Құдайберген Төлепұлы бірқатар партия мүшелеріне жаңа үлгідегі партиялық билеттерді салтанатты түрде табыстады.
Салтанатты шара барысында Парламент Мәжілісінің депутаты Құдайберген Төлепұлы «AMANAT» партиясының жаңғыру жұмыстары аясында партияның орталық деректер базасы жаңарып, партия мүшелерінің мәліметтері толық өңделіп жатқандығын тілге тиек етті және жаңа үлгідегі партиялық билеттер партияластардың жұмысына жаңа серпін береді деген сенім білдірді.
Партиялық билеттерді табыстау сәтінде Құдайберген Төлепұлы жаңа құжатқа ие болған партияластарды құттықтап, партия мүшелеріне су жаңа құжат жауапкершілік жүктеп, тың шабыт сыйлайтынын айтып, алдағы уақытта партияның беделінің одан әрі артуына атсалысып, бағдарламалық мақсаттары мен міндеттерін бірлесіп жүзеге асыруға шақырды.
Comments