2024 жылдың қаңтар айының басында өткен мәжілісте берілген хаттамалық тапсырмалардың орындалуы бойынша аудан әкімі Азат Оралбаев жиын өткізді. Оған аудан әкімінің орынбасары, аппарат басшысы мен ұйымдастыру-инсипекторлық бөлімінің қызметкерлері, бөлім мен мекеме басшылары қатысты. Ал, ауыл округтердің әкімдері онлайн форматта (zoom) байланыста болды.
Мемлекеттік сатып алуға байланысты көрсетілетін қызметтерді, жұмыстарды арнайы порталға орналастыру, жарық шамдарды ретке келтіру және орнату, табиғи газды пайдалануға беру жұмыстарын ұйымдастыру, жол кедергілерін орнату, бейне бақылау камерасын орнату, маңызды жол бойларына қоршау жасау, абаттандыру, шаруа қожалықтарын түгендеу және т.б.мәселелер бойынша 50-ден астам тапсырма берілген. Тапсырмалардың дені орындалған. Ал, кейбіреулері мерзімінде орындалмаған. Олар бойынша аудан әкімі жауапты мамандардан, ауыл әкімдерінен себебін сұрап, орындалмаған тапсырмаларға жеке-жеке тоқталды.
Жиын соңында Азат Әбдіғалиұлы ауданды жан-жақты дамытуда бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, білескен түрде жұмыс істеу керектігін айтып, жұмысқа бағаны халық беретін болғандықтан әрбір іске жанашырлықпен қарауды тілге тиек етті:
— Сіздерге мынаны айтқым келеді. Халықтың сенімі — жұмысымыздың басты көрсеткіші! Тапсырманы үлкен жауапкершілік деп қабылдаңыздар -деді аудан басшысы.
Аудан әкімінің баспасөз қызметі
Comments