Бүгін аудан әкімі Азат Оралбаевтың төрағалығымен аппараттың жиын өтіп, онда аудан әкімі аппаратының жалпы және әкімшілік бөлімінің басшысы Арыслан Нуриддинов аудан әкімінің жеке қабылдауында көтерілген мәселелер мен арыз-шағымдардың орындалу барысы жайында баяндама жасады.
2023 жылы жалпы саны 2335 өтініш келіп түссе, оның 2250-ін жеке тұлғалар жолдаған. Мерзімі бұзылып қаралған өтініштер тіркелмеген. Кейбір мәселелер бойынша бірнеше рет қайталанып келген.
Жыл басынан бері облыс әкімінің ауданға жасаған жұмыс сапарларында жеке қабылдаулар болып, онда 18 азамат 34 мәселе көтерген. Оның ішінде 25-і аудан әкімдігіне тікелей тапсырылған. 22-сі орындалса, қалған үшеуі бойынша тиісті жұмыстар жүргізілуде. Сонымен қатар, аудан әкімі Азат Әбдіғалиұлы 10 рет жеке қабылдау өткізіп, оған 61 азамат келген. Қабылдауда көтерілген мәселелердің 20-сы орындалса, 34-і бойынша түсіндірме жұмысы жүргізілген. Қалғаны бойынша тиісті жұмыстар жүруде.
Жиын соңында аудан басшысы тұрғындардың арыз-шағымы, әсіресе жерге қатыстысы жүйелендірілуі тиіс екенін тапсырды. Оларды қарау тәртібін де қатаң бақылауға алуды, тиісті салаға жауапты әкімнің орынбасарына, аппарат басшысына жауапты бөліммен бірлесіп жерге қатысты арнайы регламент бекіту керектігін тапсырды.
Аудан әкімі сондай-ақ тиісті бөлім мен мекеме басшыларына арнайы жол белгілерін, кедергілерін орнату, арық-атыздарды тазарту, көрнекі ақпарат құралдарын реттеу бойынша да бірқатар тапсырмалар берді.
Аудан әкімінің баспасөз қызметі
Comments