Басты ақпарат

АЗАТ ОРАЛБАЕВ: “САПАЛЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТІЛГЕНДЕ ҒАНА ТҰРҒЫНДАРДАН АРЫЗ-ШАҒЫМ АЗАЯДЫ”

0
🔹 Бүгін аудандық орталық аурухананың өткен жылы атқарған жұмысы мен 2024 жылға арналған жоспары баяндалған жиын өтті. Оған аудан әкімі Азат Оралбаев арнайы қатысты.
🔹Ауданның бас дәрігері Болатхан Сағымбековтің айтуынша, аудандық ауруханаға қарасты халықтың саны 89 436 адамды құраған. Оларға бас-аяғы 1400-ден астам ақ халатты абзал жан (дәрігерлер, орта және кіші буын медициналық қызметкерлер және т.б.) қызмет көрсетеді.
Сондай-ақ өткен жылы 2200-ден астам нәресте өмірге келген.
🔹 Өткен жылы науқастарға 155 лапороскопиялық операция жасалса, жаңа технологиялармен жасалған операциялардың саны 159-ға жеткен.
🔹 Аудандық ауруханаға Италияда өндірілген жылжымалы ангиографиялық жабдығы орнатылып, жергілікті мамандар онымен 4 ота жасаған. Сонымен қатар қосымша 5 науқасқа стенд қойылған.
🔹 Дәрігерлер жарақат бойынша 159 операция жасаған.
🔹 Жиында орталық аурухананың өткен жылы қол жеткізген басқа да жетістіктері мен өзекті мәселелері айтылды. Мәселен, кейбір елді мекендердегі ФАП-ғы интернеттің нашарлығы, кейбір бағыттар бойынша мамандардың тапшылығы және т.б.
🔹 Өз кезегінде аудан әкімі Азат Оралбаев бұл салада жетістіктермен қатар бірқатар мәселелердің бар екенін айтты. Аудан басшысы тұрғындардан арыз-шағымның сапалы медициналық қызмет көрсетілгенде ғана азаятынын, тұрғындардың медицина мекемелерінде сағаттап кезек күтетін кездері болатынын, цифрландыру дамыған тұста қағазбастылықтан арылып, науқастарға көбірек көңіл бөлу керектігін тілге тиек етті.
🔹 Жиын соңында аудан басшысы ауданымыздың медицина саласында еңбек етіп жүрген азаматтарға алғысын білдіріп, осы жылы халықтың саулығын жақсартуда жоғары көрсеткіштерге жету және аудан тұрғындарының ыстық ықыласына бөлену үшін аянбай еңбек ету керектігін айтты.
🔘 Аудан әкімінің баспасөз қызметі

ORDABASY: АУДАН ӘКІМІ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗДІ

Алдыңғы

«AMANAT» — ПАРАСАТ БИІГІН ПАЙЫМДАҒАН ПАРТИЯ

Келесі

Оқи отырыңыз...

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *