Қазақстан Республикасы ҰҚК Шекара қызметінің тарихында 1994 жылдың 28–қыркүйегі күні тәжік–ауған шекарасындағы жауынгерлік тапсырманы орындау барысында ерлікпен қаза тапқан батыр шекарашымыз кіші сержант Раджан Батркановтың ерлігіне биыл 30 жыл толады.
Облыс халқы арасында шекарашылар туралы оң имидж қалыптастыру, өскелең ұрпақты патриоттық тұрғыда тәрбиелеу мақсатында батыр шекарашы кіші сержант Раджан Батркановтың ерлігінің дәріптелуі орынды іс деген ойдамыз.
Осы орайда, сіздерден Раджан Армияұлының айшықты ерлігі дәріптелетін ақпараттарды ағымдағы жылдың 20–28 қыркүйегі аралығында Түркістан қаласындағы халық көп шоғырланатын мәдени орындар (ірі сауда орталықтары, Керуен сарай с.о, әуежай т.с.с) мен шекаралас аудандардағы елдімекендерде LED экран, баннер және жергілікті әкімдіктерге қарасты әлеуметтік желілерге жария ету мәселесінде қолдау білдіруіңізді сұраймын.
Батыр шекарашы кіші сержант Раджан Батркановтың ерлігі туралы ақпараттар төмендегі сілтемеде сақталған. https://cloud.mail.ru/public/aSby/2PqFTCzCm
Comments