Ақпарат ағыны

АВТОРЛАНУДЫҢ ТАҒЫ БІР ЖЕДЕЛ ТӘСІЛІ ҚОЛЖЕТІМДІ

0

БЖЗҚ-ның  ұялы қосымшасында салымшылар үшін авторланудың тағы бір тәсілі қолжетімді.

Енді ұялы қосымшадағы Жеке кабинетке ЖСН мен парольді пайдалану арқылы ғана емес, сонымен қатар телефонға алдын-ала жүктеп алған «eGov mobile» электрондық үкімет қосымшасы арқылы да кіруге болады.

Әрекеттер алгоритмін ұсынайық. БЖЗҚ ұялы қосымшасына кіргеннен кейін «Кабинет» батырмасын тауып, оған басу керек. Әрі қарай авторланудың «eGov mobile» әдісін таңдап, ЖСН енгізіп, «eGov mobile жүйесі арқылы кіру» батырмасын басыңыз. Осыдан кейін біз «eGov mobile»-да авторлануды растап, БЖЗҚ қосымшасына ораламыз. Мұнда авторланудың сәтті аяқталғаны расталады.

Әрі қарай «Кіру» батырмасын басу арқылы Жеке кабинетке өтіңіз. Барлығы қарапайым және ыңғайлы!

БЖЗҚ-ның ұялы қосымшасындағы Жеке кабинетте авторлану туралы бейненұсқаулық Қордың YouTube арнасында жарияланған. https://www.youtube.com/shorts/dNQhMougUQo

Қордың ақыл-кеңес беру қызметтерін 1418 нөмірі бойынша байланыс орталығынан (Қазақстан бойынша қоңырау шалу тегін), www.enpf.kz корпоративтік сайтынан, БЖЗҚ/ENPF ұялы қосымшасынан, +7 777 000 14 18 нөмірі бойынша WhatsApp және Viber чат-боты арқылы және БЖЗҚ-ның Instagram, Facebook, ВКонтакте, Twitter, Telegram, Одноклассники сияқты әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларынан алуға болады.

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Қазақстан Республикасының Президенті басшылық ететін Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

 

 

                                                                                      

ДОСТУПЕН ЕЩЕ ОДИН МОБИЛЬНЫЙ СПОСОБ АВТОРИЗАЦИИ

Алдыңғы

За 2023 год пенсионные накопления вкладчиков ЕНПФ увеличились на 3,2 триллиона тенге

Келесі

Оқи отырыңыз...

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *