Author: Сайт әкімшілігі

Басты ақпарат

Түркістан облысында Жеңістің 80 жылдығына орай ҰОС ардагерлеріне 5 млн теңге көлемінде біржолғы қаржылай көмек көрсетіледі. Сонымен қатар, тыл еңбеккерлері және жеңіске үлес қосқан басқа санаттардағы азаматтарға 50-100 мың теңге аралығында берілмек. Жалпы Түркістан облысында Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен оларға теңестірілген 3 017 адамға біржолғы ақшалай әлеуметтік көмек көрсету үшін аудан-қала бюджеті есебінен 212,8 млн теңге қаржы қаралған. Бұл жайында Түркістан облысының Қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Болат Жанабілов БАҚ өкілдерімен өткен брифингте мәлімдеді. «Түркістан облысынан Ұлы Отан соғысына 140 мыңнан астам азамат аттанып, оның 70 мыңы елге оралды. Оның ішінде 51-і Совет Одағының батыры, 1-і Халық қаһарманы және 8-і III дәрежелі «Даңқ» ордені кавалері атағын алған. Бүгінгі таңда облыс көлемінде 8 ҰОС ардагері бар. Оларға тек мереке қарсаңында ғана емес, жыл көлемінде түрлі көмек көрсетіліп, бірқатар жеңілдіктер қарастырылған»- деді спикер. Айта кетерлігі, Түркістан облысы бойынша Ұлы Отан соғысың ардагерлері мен Жеңіске қосқан елеулі үлесі бар 3008 азаматқа «Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 80 жыл» мерейтойлық медальдар табысталса, 8 соғыс ардагеріне Мемлекет басшысының атынан арнайы құттықтау адресаты тапсырылып, ҰОС ардагерлері мен олардың отбасы мүшелерімен жеке кездесулер өткізілетін болады. Сонымен қатар, брифингке қатысқан Түркістан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Самат Байғұтов облыс аумағында ҰОС ардагерлері мен Жеңіске үлес қосқан азаматтардың өмір сүру сапасын жақсарту және әлеуметтік қолдау көрсетуге мұқтаждығын анықтау мақсатында әлеуметтік карта жасақталғанын жеткізді. «Осы әлеуметтік карта негізінде жыл бойы ардагерлердің және олардың отбасыларының қажеттіліктеріне сәйкес аудан-қала әкімдіктері және демеушілер тарапынан жеңілдіктер мен әлеуметтік қолдаулар көрсетіледі. Сондай-ақ, медициналық тексерулер мен оңалту қызметтері ұйымдастырылады. Жалпы жыл басынан бері 61 тыл еңбеккері санаторийлік-курорттық емдеумен және басқармаға қарасты мекемелерде сауықтыру қызметтерімен қамтамасыз етілді.» — деді Самат Талғатұлы.

В целях расширения экспортного потенциала и продвижения казахстанских товаров на внешние рынки ведётся активная работа по развитию национального павильона Республики Казахстан на китайской ...
Басты ақпарат

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ҰОС АРДАГЕРЛЕРІНЕ 5 МЛН ТЕҢГЕДЕН БЕРІЛЕДІ

Түркістан облысында Жеңістің 80 жылдығына орай ҰОС ардагерлеріне 5 млн теңге көлемінде біржолғы қаржылай көмек көрсетіледі. Сонымен қатар, тыл еңбеккерлері және жеңіске үлес ...
Басты ақпарат

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі

«Таза Қазақстан»:» «Киелі мекен» акциясы аясында 12 тонна қоқыс жиналды Аталмыш шара Ақмола, Қарағанды, Павлодар, Ұлытау облыстарында орналасқан ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда және ...
Басты ақпарат

«Таза Қазақстан»:» «Киелі мекен» акциясы аясында 12 тонна қоқыс жиналды

Аталмыш шара Ақмола, Қарағанды, Павлодар, Ұлытау облыстарында орналасқан ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда және оларға іргелес елді мекендерде өтті. Акция 4 ЕҚТА – «Қарқаралы», ...
Басты ақпарат

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ҰЛТТЫҚ ЦИФРЛЫҚ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ПЛАТФОРМАҒА ЕНГІЗІЛГЕН ЖОБАЛАР САНЫ БОЙЫНША КӨШ БАСТАДЫ

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бұйрығымен инвесторларды сүйемелдеу үшін «Бір терезе» қағидалары бекітілген. Осы қағидалар шеңберінде республика деңгейде Ұлттық цифрлық инвестициялық платформа жұмыс ...
Басты ақпарат

Более 19 тыс. рабочих мест появится в результате развития нефтегазохимической промышленности

Согласно Дорожной карте по развитию нефтегазохимической промышленности на 2024–2030 годы, планируется реализация шести крупных инвестиционных проектов общей стоимостью около $15 млрд. Об этом ...
Басты ақпарат

Мұнай-газ химиясы өнеркәсібін дамыту нәтижесінде 19 мыңнан астам жұмыс орны ашылады

Мұнай-газ химиясы өнеркәсібін дамытудың 2024-2030 жылдарға арналған Жол картасына сәйкес, жалпы құны шамамен $15 млрд болатын алты ірі инвестициялық жобаны іске асыру жоспарлануда. ...
Басты ақпарат

Биылғы құрылыс маусымы аясында бірқатар жолдың құрылысы басталады

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес биылғы құрылыс маусымы аясында 13 мың шақырым жол қамтылады. «Қарағанды – Жезқазған», «Ақтөбе – Ұлғайсын», «Атырау-Доссор», Сарыағаш, Петропавл, Қызылорда ...
Басты ақпарат

Впервые программа диверсификации посевных площадей охватит порядка 1 млн га

В рамках реализации поручения Главы государства Министерство сельского хозяйства продолжает масштабную программу диверсификации посевных площадей сельскохозяйственных культур. Впервые под меры диверсификации попадут около ...

Posts navigation