Басты ақпарат

АУДАНДЫҚ БАҚ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

0

Елімізде 6 қазан күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен бекітілген жалпыхалықтық референдум өткізіледі.

Азаматтарға АЭС-тің тиімді тұстарын түсіндіріп, алып-қашпа әңгімелердің алдын алу үшін саяси партия өкілдері, қоғамдық ұйымның мүшелері және энергетика саласының мамандарынан арнайы Ынталы топ құрылған болатын. Бүгін АЭС салуды қолдау жөніндегі Жұмысшы топ мүшелері аудандық «Ордабасы оттары» газетінің қызметкерлерімен кездесу өткізді. — Қазақстанда электр энергиясының 70 пайызы көмірден, 20 пайызы газдан және 2 пайызы күн, жел мен судан өндіріледі. Бүгінгі таңда еліміз электр қуатының жетіспеушілігін сезінуде. Ол сіз бен бізге білінбеуі мүмкін. Себебі үйіңізде, жұмыс орныңызда электр энергиясы үздіксіз келіп тұр. Ал, үлкен кәсіпорындарда бұл айтарлықтай білініп тұр. Біздің елге келген көптеген инвесторлар да дәл осы энергия тапшылығы салдарынан өндіріс орындарын құруға, іс жүргізуге қол байлау болып тұр. Сондықтан да ең залалсыз энергия көзі бүгінгі таңда АЭС салу екенін ғалымдар дәлелдеп, нақты фактілермен көрсетуде, — деді өз сөзінде Ынталы топ мүшесі Ғалымжан Зиябеков.


Ал, аудандық Аманат партиясының басшысы Әлиасқар Байдуллаұлы жиналғандарға жаңа дүние әрқашан қорқыныш ұялататынын, алайда АЭС салу ісі әлемде дамып кеткенін, өзге елдер дәл осы әдіспен барлық қажеттіліктерін өтеп жатқанын тілге тиек етті. Оның айтуынша, бүгінгі дамыған қоғамда көзі ашық жандар еліміздің болашағы үшін дұрыс таңдау жасауы тиіс. 6 қазанда өтетін жалпыхалықтық референдумға барша бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдер толық қатысады деп сенім білдірді.

🔰2 қыркүйектегі Жолдауда Президент алдағы референдум жайлы айтты

Алдыңғы

Қазақстанда атом электростанциясын салу жөнінде мемлекет басшысы халықтың ойын білдіру мақсатында ағымдағы жылы 6 — қазан күні референдум өткізу жөніндегі Жарлыққа қол қойды

Келесі

Оқи отырыңыз...

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *