Басты ақпарат

АНТҚА САЙ БОЛУ — МІНДЕТ

0

1961 жылғы 24 қазанда Темірлан ауылында дүниеге келіп, мектеп табалдырығын аттап, 1978 жылы Ш.Уәлиханов атындағы орта мектепті бітірген соң Қажымұқан атындағы мақта кеңшарында  жұмысшы, механизатор, жүргізуші болдым.  1980-1982 жылдары Кеңес әскері қатарында азаматтық  борышымды   атқарып келген соң осы шаруашылықтың  «Коммунизм» бөлімшесінде механизатор мамандығымды жалғастырып, жастар арасында комбайнмен мақта жинау науқанында ауданда бірінші болып жоспарым мен міндеттемемді артығымен орындадым. Еңбегімнің нәтижесінде Болгария Халық Республикасына тегін туристік сапарға жолдамамамен барып қайттым.

1985 жылы Қазақтың Қызыл Ту орденді ауыл шаруашылығы институтына оқуға сырттай түсіп, инженер-механик мамандығы бойынша мемлекеттік емтихан мен дипломымды ойдағыдай қорғап, Қажымұқан атындағы кеңшардың орталық шеберханасында реттеуші, автогаражда мамандығыма сай механик болып жұмыс істедім. 1986 жылы аталған кеңшар  комсомол комитетінің хатшылығына сайландым.

Одан кейін жастар бригадасын құрып, арендалық шартпен жүгері  өсіріп, баптап, мол өнім өткіздік.

1993 жылы ауданымызда өз алдына әскери комиссариат құрылып,  2004 жылға дейін сол ұжымда қызметте болдым.  2004 жылдан бастап мелекеттік қызметке үміттеніп, конкурсқа түстім. Конкурстық комиссиядан оң нәтиже алып,  аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінде маман болып бастап, кейіннен  аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру-кадрлық бөлімінде, мұнан соң ұйымдастыру–инспекторлық бөлімінде жетекші маман, бас маман, бас инспекторлық қызметтерді атқардым. Қазір жалпы және әкімшілік бөлімінің бас инспекторы лауазымындамын.

Отбасылымын, әйелім Тасболатова Күләшпен екі қыз, бір ұл тәрбиелеп, өсіріп, ұлдан екі немере, қыздарымнан бес немере сүйіп отырмын.

Әрине, жұмыстың оңайы жоқ. Мемлекеттік қызметкер  берген антына сай болуы керек. Қазақстан Республикасының азаматы ретінде мемлекеттік қызмет атқаруды қоғам мен мемлекет тарапынан сенім білдіру деп бағалаймын. Қызметкер  Қазақстан халқы алдындағы өзінің жауапкершілігін сезінуі керек.

Әрбір мемлекеттік қызметші Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын сақтап, өзіне берілген міндетін атқаруда әділдік пен адалдықты ұстана білсе, ұлтаралық татулық принциптерін сақтаса ғана өз міндеттерін адал атқаратын мемлекеттік қызметші бола алады деп санаймын.

Мен қай жерде жүрсем де, қандай жұмыс немесе қызмет етсем  да адал атқаруға тырыстым. Жастарды  үйретіп, түсіндіруге бар білімім мен тәжірибемді  жұмсадым. Өйткені жасымнан абыройлы  білімді азаматтардың  қасында жүріп, солардың әңгімесінен, іс-қимылдарынан үйреніп, мінездері мен жұмыс тәсілдерінен үйрендім, тәжірибе жинақтадым. Жиырма жылдан бері  мемлекеттік қызметімді берген антыма сай атқарып жүрмін деп айта аламын.

Құрметті әріптестер, мереке құтты болсын. Мемлекеттік қызметке кірер алдында берген антымызға адал болайық!

 

Қарабеков Съезбек Сейдуллаұлы,

ауданы әкімі аппараты жалпы және әкімшілік бөлімінің бас инспекторы.                                 

23 маусым — мемлекеттік қызметші күні АЛТЫНАЙ ЖӘНЕ ОНЫҢ КОМАНДАСЫ

Алдыңғы

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: В ТУРКЕСТАНСКОЙ ОБЛАСТИ РЕАЛИЗУЕТСЯ ПРОЕКТ «ОБРАЗЦОВЫЙ АУЛ»

Келесі

Оқи отырыңыз...

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *