Сіздің сұрағыңызға жауап бере отырып, БЖЗҚ салымшыларға (алушыларға) зейнетақы қызметтерін заңнама талаптарына сәйкес көрсететінін ескерткіміз келеді.
БЖЗҚ өзінің заңнамалық функцияларын іске асыру кезінде салымшылардың (алушылардың), олардың сенім білдірілген адамдарының, заңды өкілдерінің дербес деректерін қамтитын ақпараттық жүйенің операторы/меншік иесі болып есептеледі.
Қызметтерді көрсету кезінде БЖЗҚ құрамына мемлекеттік органдар және (немесе) мемлекеттік заңды тұлғалар кіретін үшінші тұлғалардың ақпараттық жүйелерімен (дерекқорларымен) ақпарат алмасады. Өтініш білдірген адамның жеке басын куәландыратын құжатының деректемелері БЖЗҚ ақпараттық жүйесіндегі өзектілігін осындай ақпарат алмасудың арқасында сақтайды. Сіздің деректеріңіз жеке немесе басқа заңды тұлғаларға берілмейтінін қатаң ескертіп өткіміз келеді.
Мемлекеттік құрылымдармен өзара іс-қимылдың және ақпарат алмасудың арқасында БЖЗҚ зейнетақы қызметтерін көрсету кезінде өтініш білдірген адамнан оның құжаттары және (немесе) ақпараттары мемлекеттік органдардың және (немесе) мемлекеттік заңды тұлғалардың ақпараттық жүйелерінде болған жағдайда көшірмелерін талап етпейді. Яғни, БЖЗҚ Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келетін жедел және тиімді қызмет көрсетуді қамтамасыз етіп, алаяқтық деректеріне тосқауыл қояды.
Осылайша, БЖЗҚ зейнетақы қызметтерін сапалы көрсету мақсатында мемлекеттік органдардың және (немесе) мемлекеттік заңды тұлғалардың ақпараттық жүйелерінде қамтылған салымшылардың (алушылардың)/ олардың заңды өкілдерінің/сенім білдірілген тұлғалардың дербес деректерін жинау және өңдеуді жүзеге асырады.
Comments