Қазақстанда АЭС салу атом индустриясы үшін және тұтастай алғанда еліміздің бүкіл экономикасы үшін жаңа мүмкіндік ашады. АЭС салу елдің ғылыми-техникалық және жоғары білікті кадрлардың өсуіне мүмкіндік береді. Құрылыс кезінде 8 000 адамға дейін жаңа жұмыс орындары пайда болады. Жаңадан екі мыңнан астам кадрлар пайда болады. Сондай-ақ АЭС салу кезінде бір жұмыс орны экономиканың аралас салаларында он есе көбейеді. Жергілікті өнеркәсіп дамиды. Бұдан бөлек, меншікті отын базасының әлеуетін кешенді пайдалануға мүмкіндік болады. Сонымен қатар, тұтынушылар 60 жылдан астам уақыт энергиямен қамтамасыз етіледі. Сондай-ақ парниктік газдар шығынын жылына 8-10 млн тоннаға дейін төмендете алады. Сонымен қатар басқа да бірқатар экономикалық, әлеуметтік, техникалық және экологиялық артықшылықтарға ие екендігін атап өту керек.
Comments