Бүгін аудан әкімі Азат Оралбаев аудандық бюджет есебінен Шұбарсу елді мекенінің кіре берісінде жүргізіліп жатқан абаттандыру жұмыстарын бақылап көрді.
Жобаға сәйкес кіре берістің сол жағында елді мекеннің паспорты белгіленген стелла (алаңшасымен) орнатылса, сол жағына заман талабына сай жабдықталған сауда қатары болады. Онда шұбарсулықтарға, автодәлізбен жүретін жолаушыларға емін-еркін кіріп, саудасын жасауға мүмкіндіктер қарастырылуда.
Аудан басшысы тиісті бөлімге, жұмысты жүргізіп жатқан мердігерге абаттандырылып жатқан аумақтың талапқа сәйкес жарықтандырылуын, төселетін тастардың, сапалы болуын қатаң бақылауға алуды тапсырды.
Аудан әкімінің баспасөз қызметі
Comments