Ақпарат ағыны

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

0

«БЖЗҚ» АҚ ашық есік күніне шақырамыз: «Ұлттық қор-балаларға»жобасын іске асырудың мақсаты мен тетігін түсіндіреміз

Халық арасындағы ақпараттық-түсіндіру жұмысы аясында 2023 жылғы 29 қарашада «БЖЗҚ» АҚ «Ұлттық қор – балаларға»мемлекеттік бағдарламасы тақырыбында Ашық есік күнін өткізеді.

БЖЗҚ ұйымдастырған Ашық есік күніндегі онлайн-кездесуде Қор мамандары қатысушыларға «Ұлттық қор — балалар» жобасының мақсаты, оны іске асыру тетігі туралы айтып, қызықтырған сұрақтарға жауап береді.

2024 жылғы 1 қаңтардан бастап Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша «Ұлттық қор — балаларға» жобасы іске қосылады, оның шеңберінде Ұлттық қордың инвестициялық табысының 50%-ы жыл сайын 18 жасқа дейінгі барлық жастағы балалар арасында бөлінетін болады.  2023 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша олардың саны Қазақстанда 7 млн-нан астам адамды құрайды. Бұл ретте табыс есепті жылдың алдындағы он сегіз жыл ішінде орташаланады. Балаларға есептелген сомалар Ұлттық қор активтерінің құрамына инвестициялауды жалғастырады және оларға қосымша инвестициялық табыс есептелетін болады.

«Ұлттық қор — балаларға» жобасының негізгі мақсаты — жас ұрпақты қолдау және оған тұрғын үй жағдайларын жақсартуға немесе ұлттық жинақтар есебінен білім алуға мүмкіндік беру. Осылайша, қазақстандық балалар кәмелетке толғанға дейін есептелетін Ұлттық қордың қаражатын 2 мақсатқа пайдалана алады: оқу, оның ішінде шетелдік жоғары оқу орындарында, сондай-ақ, тұрғын үй сатып алу.

Балалар 18 жасқа толғанға дейін нысаналы талаптар мен инвестициялық табыс мерзімінен бұрын алу құқығынсыз есептелетін болады.

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры нысаналы талаптарды (міндеттемелерді), нысаналы активтерді, нысаналы жинақтау шоттарындағы нысаналы жинақтарды есепке алу, нысаналы жинақтарды төлеуді жүзеге асыру жөніндегі Оператор ретінде айқындалды. Айта кетейік, БЖЗҚ әлеуметтік маңызы бар жобаларды іске асыруда үлкен практикалық тәжірибеге ие, дербестендірілген есепке алу мен қашықтықтан көрсетілетін сервистің бірегей ақпараттық-технологиялық жүйелеріне, халыққа қолжетімді қызметтерді ұсыну үшін дамыған өңірлік желіге ие.

Баланың бағдарламаға қатысушысы болып табылатындығы туралы ақпаратты оның заңды өкілдері egov.kz порталындағы жеке кабинетінен ала алады. Бұдан басқа, бағдарлама бойынша тұрақты есептер БЖЗҚ-ның  enpf.kz. ресми сайтында орналастырылатын болады

Баланың Ұлттық қордан аударымдарды алушылар базасына түсуі үшін ата-аналарға немесе балалардың басқа да заңды өкілдеріне қандай да бір құжаттарды жинаудың, шот ашудың, қандай да бір жерге жүгінудің қажеті жоқ, өйткені, бұл үрдіс автоматтандырылған. БЖЗҚ ҚР Әділет министрлігімен бірлесіп тиісті интеграциялық жұмыс жүргізеді және шоттар «БЖЗҚ» АҚ-да «Жеке тұлғалар» Мемлекеттік деректер базасы негізінде автоматты түрде ашылатын болады.

Балалардың ата-аналарына (немесе заңды өкілдеріне) egov.kz.   порталында кәмелетке толмаған баланың ЖСН енгізуінің бар-жоғын және дұрыстығын алдын ала тексеру қажет.

«Ұлттық қор — балаларға» жобасын іске асырудың мақсаты мен тетігін түсіндіруге арналған онлайн-кездесуге барлық ниет білдірушілерді, сондай-ақ, БАҚ өкілдерін шақырамыз. Бұл шара журналистерге «Ұлттық қор — балаларға » жаңа әлеуметтік мемлекеттік бағдарламасын, сондай-ақ, кездесудің барлық қатысушыларын түсіну және жариялау үшін пайдалы болады деп үміттенеміз.

 

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

Алдыңғы

Хабарландыру «БЖЗҚ» АҚ Ашық есік күні

Келесі

Оқи отырыңыз...

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *