Ақпарат ағыны

«БЖЗҚ» АҚ 2023 жылдың 21 қыркүйегінде 10:00де, 12:00де және 15:00де онлайн форматта Ашық есік күнін өткізеді.

0

Тақырыбы: «Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексі. Қазақстанның зейнетақы жүйесіндегі жаңашылдықтар».

БЖЗҚ мамандары нақты мысалдарды қолжетімді және түсінікті түрде пайдалана отырып, енгізілген жаңалықтардың қолданылу тетігін түсіндіреді. Олардың әрқайсысын егжей-тегжейлі қарастырып, қызықтырған сұрақтарға жауап береді.

ҚР Әлеуметтік кодексі Қазақстанның жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысты салымшылардың өз активтерін басқару жөніндегі құқықтарын кеңейту, зейнетке еңбек сіңірген жылдары бойынша шыққан зейнеткерлерге зейнетақы жинақтарын тұрғын үйге және емделуге пайдалану, жерлеуге берілетін төлем мөлшерін ұлғайту, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (ЖМЗЖ), зейнетақы жарналарының баршаға арналған міндетті сипаты, комиссиялық сыйақыны төмендету, емделуге және тұрғын үйге біржолғы зейнетақы төлемдерін алудың жаңа қағидалары бойынша бірқатар жаңалықтарды көздейтінін естеріңізге саламыз.

Іс-шараға қатысушылар күн тәртібіндегі негізгі мәселеден бөлек, өздерін қызықтыратын басқа да сауалдар бойынша білікті ақыл-кеңес ала алады.

Іс-шараға қатысу үшін онлайн тіркелу қажет.

Сілтеме бойынша өтуіңізді сұраймыз.

  Тақырыбы: «Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексі. Қазақстанның зейнетақы жүйесіндегі жаңашылдықтар».

 21 қыркүйек

  • Уақыты 10:00де әрбір қатысушы сілтеме бойынша өтуі қажет.

 https://us05web.zoom.us/j/86943794791?pwd=Gu204fdhQ35DCTsir8ypTyLTvc0RZ8.1

Конференция идентификаторы: 869 4379 4791  және кіру коды: 1234

  • Уақыты 12:00де әрбір қатысушы сілтеме бойынша өтуі қажет.

https://us05web.zoom.us/j/81840381112?pwd=J097sbnwbmOXtopCq2F7juWixaM1we.1

Конференция идентификаторы: 818 4038 1112 және кіру коды: 1234

 Уақыты 15:00де әрбір қатысушы сілтеме бойынша өтуі қажет.

https://us05web.zoom.us/j/82961169216?pwd=pBwbxEbWabzPXAeGvbk6lytPnlbaxh.1

Конференция идентификаторы: 829 6116 9216 және кіру коды: 1234

«БЖЗҚ» АҚ өз салымшыларын (алушыларын) және барлық ниет білдірушілерді «Ашық есік күнінде» күтеді! 

 

 

 

 

 

 

 

 

2023 жылғы шілдеде отандастарымыз инвестициялық портфельді басқарушыларға 820 миллион теңгеден астам зейнетақы жинағын аударды

Алдыңғы

День открытых дверей в ЕНПФ

Келесі

Оқи отырыңыз...

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *