Кентау қалалық полиция бөліміне 7 бірдей тұрғын арызданды. Олардың айтуларынша, таныс әйел кәсіпкерлікті қолдауға мемлекеттен берілетін қайтарымсыз ақша алып беремін деп, уәде берген. Содан әр жәбірленушіден қомақты ақша алған соң, берген уәдесін орындамай созбалаңқылыққа салып жүрген. Жәбірленушілерге келген жалпы шығын көлемі 935 000 теңге. Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркеуге алды.
Кентау қалалық полиция бөлімі қызметкерлерінің шұғыл іздестіру шарасының нәтижесінде күдікті ретінде Кентау қаласының тұрғыны анықталып, полиция бөліміне жеткізілді. Ол жәбірленушілермен алыс танысы арқылы танысқан. Күдіктінің мұндай қадамға қаржылай қажеттілік туындаған соң барғаны белгілі болды. Күдікті жәбірленушілерден алған ақшаны бас пайдасының қажеттілігі үшін жаратып жіберген. Қазіргі таңда ұсталған әйелге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері тұрғындарға алаяқтарға алданбауға кеңес береді. Күмәнді қызмет ұсынатын адамдардан сақ болып, оларға жеке куәлік пен есепшоттарыңыздың нөмірін бермеңіздер. Егерде сіз, алаяқтық жайтына куә болсаңыз, онда полицияның 102 нөміріне хабарласыңыз.
Comments