Басты ақпарат

2025 жылы Ордабасы ауданы бойынша бірқатар каналдарға күрделі жөндеу жүргізілді.

0

Ордабасы ауданының ауыл шаруашылығында суармалы жерлерді тиімді пайдалану – өнімділікті арттырудың басты факторы. Аудан экономикасының аграрлық бағыттағы дамуы үшін су ресурстарын үнемді пайдалану, канал жүйелерін жаңарту және заманауи суару технологияларын енгізу стратегиялық маңызды болып отыр.

2025 жылы Ордабасы ауданы бойынша бірқатар каналдарға күрделі жөндеу жүргізілді. Мысалы, Төрткөл, Бөген, Қажымұхан, Жеңіс және Қараспан ауыл округтеріндегі 9 магистралды каналға жалпы құны 9,5 млрд теңге болатын күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Оның ішінде «ЛБК» және «Р-11-С» каналдарының құрылысы аяқталды, ал «Қараспан» магистралды каналы аяқталуға жақын. Бұл каналдар суармалы жерлерді тұрақты сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Ауданда су үнемдеу технологияларын енгізу де қарқынды жүргізілуде. Қазіргі таңда 6 925 гектар жерге су үнемдеу жүйелері енгізілген. Оның ішінде 1 395 гектарға тамшылатып суғару, 200 гектарға жабырлатып суғару тәсілдері қолданылған. Мысалы, Жеңіс ауыл округінен «ПК Дала» АӨК 650 гектар жерге тамшылатып суғару арқылы мақта дақылын егіп, гектарына 45 центнерден өнім алды. Бұл технология суды үнемдеумен қатар, өнімнің мол және сапалы болуына кепілдік береді.

Сонымен қатар, егістік жерлерді баптау мақсатында 14,9 мың тонна органикалық және минералды тыңайтқыштар қолданылды. Көктемгі дала жұмыстары мен күзгі жиын-терім науқаны үшін 6,2 мың тонна жеңілдетілген жанармай бөлінді. Бұл шаралар ауыл шаруашылығының тиімділігін арттыруға және өнім сапасын жақсартуға бағытталған.

Ордабасы ауданының агроөнеркәсіп кешенінде заманауи техника енгізу де маңызды. 2025 жылдың 11 айында 168 бірлік жаңа техника сатып алынып, жоспар толық орындалды. Бұл ауыл шаруашылығында еңбек өнімділігін арттыруға және егістік пен мал шаруашылығын тиімді жүргізуге мүмкіндік береді.

Қорытындылай келе, Ордабасы ауданының суармалы егістік жүйесін дамытудағы стратегиясы – су ресурстарын үнемді пайдалану, заманауи технологияларды енгізу және өнімділікті арттыруға бағытталған кешенді жоспар. Бұл бағыттағы шаралар ауданның ауыл шаруашылығы секторын тұрақты дамытуға, экономикалық өсімге және тұрғындардың әл-ауқатын арттыруға зор үлес қосады.

Ордабасы ауданының егін шаруашылығын дамыту стратегиясы

Алдыңғы

Ордабасы ауданының агроөнеркәсіп кешенінде инвестиция тарту – ауыл шаруашылығын дамытудағы басты бағыттардың бірі.

Келесі

Оқи отырыңыз...

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *