2024 жылы Қазақстан Президенті өзінің жыл сайынғы жолдауында елдің дамуы үшін маңызды мақсаттар мен жоспарларды атап өтті. Соның ішінде энергия саласында жаңа жобаларға ерекше назар аударылды. Қазақстанның алдағы жылдардағы басты энергетикалық бастамаларының бірі – атом электр станциясын (АЭС) салу болып табылады.Осы мәселе төңірегінде Президент 6 қазан референдум болатынын жариялады.
АЭС құрылысының маңызыдылығын айта өтсем.
Атом электр станциясының құрылысы — Қазақстан үшін маңызды қадам болып табылады. Бүгінгі күні елдің экономикасы қарқынды дамып келеді, ал энергияға сұраныс жыл сайын артып отыр. Бұл өсімнің тұрақтылығын қамтамасыз ету және халықтың өмір сүру деңгейін жақсарту үшін энергия ресурстарының сенімді, экологиялық таза және тұрақты көзі қажет. АЭС осы қажеттілікті қамтамасыз етуге көмектеседі.
Comments