Мемлекет алға қарай дамыған сайын өркениет жетістіктеріне де ие болатыны сөзсіз. Атом электр станциясын салу ел үшін өте тиімді. Өйткені қандай ел болса да, ол қуатты электр көзімен қамтылмаса, жоғары деңгейде дами алмайды. Бізде электр энергиясы қазір жеткілікті болғанмен, экономиканы дамытуда өндірістерді арттыру үшін жаңа кәсіпорындар, зауыттар іске қосылып жатқан кезеңде жетіспейтіні анық. Сондықтан елдің бүкіл экономикасының салмағын жер қойнауының байлығына артып қоюға болмайды. Әрине бізде қатты отынмен, газбен жұмыс істейтін жылу электр станциялары бар. Сонымен қатар олар белгілі бір шығынды қажет етеді.
Енді бүгінгі таңда күн, су және жел қуатын пайдалануға көшіп жатырмыз. Бірақ олар жеткіліксіз.
Атом энергиясын бейбіт мақсатта ғана пайдалану қажеттігі жөнінде біздің Президентіміз үнемі айтып жүр. Яғни Қазақстан әлемдегі төртінші ядролық арсеналдан өз еркімен бас тартқан.
Қазақстан қаруды таратпау, қарусыздану және атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану мәселелерінде халықаралық қоғамдастыққа сенімді әріптес болып отырғанын және бола беретінін мәлімдеген болатын.
Comments