Ақпарат ағыны

1 шілдеден бастап АХАТ саласы Мемлекеттік Корпорацияға өтіп, бөлек бөлім болып бөлінді

0

2022 жылғы 14 шілдедегі «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне инновацияларды ынталандыру, цифрландыруды, ақпараттық қауіпсіздікті дамыту және білім беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы шеңберінде азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу жөніндегі функция биыл 1 шілдеден бастап мемлекеттік корпорацияға берілді. Бұл ретте некені тіркеу үшін өтініш беру рәсімі өзгеріссіз қалады. Олар аудандық және қалалық АХАТ бөлімдері орындайды. Бұдан басқа, электрондық үкімет порталы арқылы онлайн өтініш беру мүмкіндігі сақталатын болады.

Сонымен қатар АХАТ қызметтерін тек қана тіркеуші органның қызметкерлері көрсетеді. ХҚКО операторларын қоса алғанда, Мемлекеттік корпорацияның басқа қызметкерлері АХАТ ақпараттық жүйесіне қол жеткізе алмайды. Жеке өмір, жеке отбасылық өмірі мен отбасылық құпиясы заңның қорғауында болады.

«Неке және отбасы туралы» кодекске сәйкес Азаматтық хал-актілерін тіркеу (АХАТ ) бөлімі тууды, қайтыс болу, неке (ерлі-зайыптылықты) қию және бұзу процесін жүргізеді. Сонымен қатар аты-жөнді ауыстыруда, ата-ана атанғанда, бала асырап алған кезде, азаматтық хал акті жазбаларын түзетіп, қалпына келтіреді және жояды. Сол сияқты бастапқы және қайталама куәліктерді, электрондық нысандағы немесе қағаз жеткізгіштегі анықтамаларды, азаматтық хал актілері жазбаларының көшірмелерін береді. Одан бөлек, азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу кітаптары мен куәлік бланкілерінің сақталуын қамтамасыз ету бойынша жұмыс атқарады.

Тарифтерге келетін болсақ, АХАТ-та тегін әрі ақылай қызметтер бар. Мысалы, 1 шілдеден бастап некені тіркеу 3874 теңге, ал өзара келісім бойынша некені бұзу 7728 теңге,Құжаттар жоғалған жағдайда куәліктерді  қайталап алу 3874 тенге болды. Тууды, өлімді тіркеу сияқты әлеуметтік маңызды қызметтер тегін қалады.

«Азаматтарға арналған үкімет» МК КеАҚ Ордабасы аудандық азаматтық хал актілері тіркеу бөлімі 2023 жылдың шілде айынан бүгінгі күнге дейін аудан бойынша туу- 587, неке-75, актілік жазбалар тіркеліп, елтаңбалы куәліктер берілді.

Сонымен қатар әке болу құқығын тіркеуге 25 өтініш қабылданса, өтініштер толығымен қанағаттандырылған. Күрделі іс бойынша 34-і жинақталып, мәліметтерге түзету өзгерту  енгізіліп, өтініштер қанағаттандырылды. Сондай ақ, жаңадан дүние есігін айқара ашқан сәбилерге туу туралы куәліктерін салтанатты түрде рәсімдеу арқылы табыс ету жұмыстарыда жүргізіледі.

Суретте көрсетілген Түркістан облысы Ордабасы ауданы Қарақұм ауылының тұрғына 17 жылдан бері туу туралы куәлігін аламай жүрген  Балабек Несібеліге тууды  қалпына келтіру күрделі жұмысы жүргізіліп, алғашқы туу куәлігі табысталды.

Өмір бар жерде өлім бар екенін бәрімізге аян,дегенменде туыстарымыз өмірден өтіп жатқанда сот медициналық сараптамалары арқылы құжаттар  рәсімделетінін түсінбей жатамыз.Соның салдарынан АХАТ қызметкерлері қайтыс болу фактісі бойынша сот процестеріне қатысу жұмыстарын жүргізеді. Шілде айынана бүгінгі таңға дейін  99 — қайтыс болу  актілік жазбасы тіркелінді.

Айта кетейік, некеге тұрғысы келетіндер тіркеуші органға жеке басын куәландыратын құжаттармен бірге келуі керек. Бұл некені тіркеудің белгіленген күнінде жасалады. Өтініш берген кезде қызмет алушылар неке қию рәсімін салтанатты жағдайда немесе қарапайым түрде өткізуді өздері таңдай алады. Некеге өтініш тапсырған азамат пен азаматшалар ⠀өздері келген кезде ғана неке қию тіркелетінін түсінбей жататын отбасыларда болып жатады. Яғни  некеге тұрушылардың екеуіде бірдей қатысуы қажет.

ҚР Заңы 2019 жылғы 25 қарашадағы №272- VIҚРЗ «Неке және отбасы туралы» Кодекс 23-бапы 2 тармағына сәйкес  Соттың некені бұзу туралы заңды күшіне енген шешімі тіркеуші органдарда мемлекеттік органдарда жатпайды.  Яғни неке бұзу сот шешімі тіркелінбейді және неке бұзу куәлігі  берілмейді.

Дегенменде ортақ балалары жоқ, дүние мүлікке даулары жоқ жұптар өзара келісімімен неке бұзуға өтініш қабылдау жұмысын  АХАТ қызметкерлері жұмыс жүргізеді. 2023 жылдың шілде айынан  неке бұзуға 3 жұп өзара келісімімен некелері бұзылды.

 

Г. ЕСПАНОВА,

«Азаматтарға арналған үкімет» МК КеАҚ Ордабасы аудандық азаматтық хал актілері тіркеу бөлімінің басшысы.

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ДЕПАРТАМЕНТІ ЕСКЕРТЕДІ!

Алдыңғы

СОТТА ЕРЕКШЕ ІС ЖҮРГІЗУ ТӘРТІБІМЕН ҚАРАЛАТЫН ІСТЕР

Келесі

Оқи отырыңыз...

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *