Ақпарат ағыны

СОТТА ЕРЕКШЕ ІС ЖҮРГІЗУ ТӘРТІБІМЕН ҚАРАЛАТЫН ІСТЕР

0

Сотта ерекше іс жүргізу тәртібімен қаралатын істерге заңдық маңызы бар фактілерді анықтау, бала асырап алу, азаматты хабарсыз кетті деп тану, азаматты қайтыс болды деп жариялау, азаматты әрекетке қабілетсіз деп тану, азаматтық хал актілері жазбаларының дұрыс еместігін анықтау сынды істер жатады. Аудандық сотта көп қаралатын заңдық маңызы бар фактіні анықтау туралы істердің бірі – азаматтың қайтыс болу фактісін анықтау. Көбіне қайтыс болған азаматтың туыстары медициналық ұйымға жүгінбей, сот-медициналық сараптаманы өткізуден бас тартқандықтан, медициналық ұйым қайтыс болу туралы медициналық куәлікті беруден бас тартады. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі медициналық ұйым берген қайтыс болуы туралы медициналық куәліктің жоқтығына байланысты қайтыс болуды мемлекеттік тіркеуден бас тартады. Осыған байланысты, марқұмның туысы қайтыс болу фактісін анықтау туралы арызбен сотқа жүгінеді.

Себебі, Қазақстан Республикасының «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексінің 268-бабының талабына сәйкес қайтыс болуды мемлекеттік тіркеу үшін медициналық ұйым берген, қайтыс болу туралы белгіленген нысандағы құжат,  қайтыс болу фактісін белгілеу туралы немесе адамды қайтыс болды деп жариялау туралы соттың заңды күшіне енген шешімі негіз болып табылады.

Аудандық сотта ерекше іс жүргізу тәртібімен қаралатын істердің бірі -азаматты әрекетке қабілетсіз деп тану. Мұндай істер азаматтың отбасы мүшелерінің, жақын туыстарының, прокурордың, қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органның арызы бойынша қаралады. Азаматтың психикалық ауруы, ақылының кемістігі туралы жеткілікті деректер, яғни медициналық қорытындылар, анықтамалар  болған кезде, сот сот-психиатриялық сараптама тағайындап, сараптама өткізу үшін істі сараптама институтына жібереді. Сараптама аяқталған соң, сарапшының қорытындысын және өзге де дәлелдемелерді негізге ала отырып, сот шешім шығарады.

Әкелік тану фактісін анықтау туралы істер қандай жағдайда қаралады? Ерлі-зайыптылар отбасын құрған соң, түрлі себептерге байланысты некені заңды түрде рәсімдемейді. Ортақ некеден туылған балалар көбіне анасының тегіне жазылады. Күйеуі мезгілсіз қайтыс болып, бала анасының тегінде қалып қояды.  Баланың анасы осылайша әкелікті тану фактісін анықтау үшін сотқа жүгінуге мәжбүр болады. Қазақстан Республикасының «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексінің 49-бабында «өзiн баланың әкесiмiн деп мойындаған, бiрақ баланың анасымен некеде тұрмаған (ерлі-зайыпты емес) адам қайтыс болған жағдайда оның әке екенiн тану фактiсi сот тәртiбiмен анықталуы мүмкiн» делінген.

Туберкулез дертіне шалдыққан азамат өз бетімен емделуден жалтарған жағдайда, денсаулық сақтау ұйымының өкілі  туберкулезге қарсы мекеменің орналасқан жері бойынша немесе науқастың тұрғылықты жері бойынша оның келісімінсіз мәжбүрлеп емдеу туралы арызды сотқа түсіреді. Іс азаматтың, денсаулық сақтау ұйымы немесе ішкі істер органдарының өкілінің қатысуымен қаралады.

 

Баян  КЕЙКИЕВА,

Ордабасы аудандық соты бас маманы-сот отырысының хатшысы. 

1 шілдеден бастап АХАТ саласы Мемлекеттік Корпорацияға өтіп, бөлек бөлім болып бөлінді

Алдыңғы

Добрый день, когда я хочу получить услугу от ЕНПФ, то я должен дать на согласие на сбор и обработку персональных данных. Для чего это нужно?

Келесі

Оқи отырыңыз...

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *