Ақпарат ағыны

Зейнетақы жинақтарының бір бөлігін инвестициялық портфельді басқарушыға (ИПБ) сенімгерлік басқаруға беру ережелері қандай? Мен жаңа ережелерге сәйкес, жинағымның қаншалықты көлемін аудара аламын?

0

Міндетті зейнетақы жарналарының (МЗЖ) салымшылары, пайдасына міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ), ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) аударылған жеке тұлғалар ИПБ-ның сенімгерлік басқаруына аудару құқығын төменде көрсетілген мөлшерден аспайтын сомада пайдалана алады:

— МЗЖ салымшысының, пайдасына МКЗЖ аударылған жеке тұлғаның ИПБ таңдау (өзгерту) туралы өтініші түскен күні жеке зейнетақы шотындағы (ЖЗШ) зейнетақы жинақтары сомасының елу пайызы шегінде. Кейіннен басқа ИПБ-ның сенімгерлік басқаруына берген кезде зейнетақы жинақтарының көлемі ИПБ-ның инвестициялық кірісі қоса есептелген, бұрын берілген зейнетақы жинақтарын ескере отырып айқындалады (өтініш беру зейнетақы жинақтары ИПБ-ның сенімгерлік басқаруына берілген күннен бастап жылына бір рет қана жүргізіледі);

Немесе

— сақтандыру ұйымымен жасалған зейнетақы аннуитеті шарты болған жағдайда, олардың ЖЗШ-дағы МЗЖ және (немесе) МКЗЖ есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарының мөлшерінен аспайтын көлемде;

— ИПБ сенімгерлік басқаруына беруге болатын ЕЗЖ есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарының сомасы ЕЗЖ-ны есепке алатын ЖЗШ-да қалыптастырылған зейнетақы жинақтарының сомасынан аспайды.

Зейнетақы жинақтарының бір бөлігін ИПБ-ның сенімгерлік басқаруына аудармай тұрып, нарықтағы ИПБ-лардың қолданыстағы тізбесімен танысып, олардың БЖЗҚ сайтындағы инвестициялық декларацияларын, инвестициялық қызметтеріне шолуларды зерделеу қажет, таңдалған жеке компанияның тәжірибесі мен жұмыс нәтижелері туралы толығырақ білген дұрыс. ИПБ-лар туралы ақпаратпен танысып, инвестициялық декларацияларын https://www.enpf.kz/ сайтындағы Қызметтер» – «Инвестициялық портфельді басқарушылардың тізілімі» бөлімінен біле аласыз. Зейнетақы жинақтарын сенімгерлік басқаруға беру жөніндегі толық статистика да www.enpf.kz сайтындағы «Көрсеткіштер» – «Зейнетақы жинақтарын басқарушы компанияларға беру» бөлімінде қолжетімді.

 

Сондай-ақ, зейнетақы жинақтарын бір ИПБ-дан екіншісіне жылына тек 1 рет аударуға болатынын атап өтеміз. Егер сіз жинақтарыңызды Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрі – ҚРҰБ) басқаруына қайтару туралы шешім қабылдасаңыз, онда бұл ойыңызды зейнетақы жинағыңызды ИПБ-ның сенімгерлік басқаруына берген күннен бастап тек 1 жыл өткен соң ғана жүзеге асыра аласыз.

Бұл ретте, егер зейнетақы жинақтары ИПБ таңдау туралы өтінішке сәйкес бір ИПБ-ға бірнеше рет сенімгерлік басқаруға аударылған болса, онда зейнетақы жинақтарын ҚРҰБ сенімгерлік басқаруына қайтару зейнетақы жинақтарын ИПБ-ның сенімгерлік басқаруына алғаш берген күннен бастап тек бір жыл уақыт өткен соң ғана жүзеге асырылады.

 

 

Как в ЕНПФ поступают со сбережениями, которые длительное время остаются невостребованными? В каких случаях возможно их обращение в доход государства?

Алдыңғы

Каковы правила перевода части пенсионных накоплений в доверительное управление управляющему инвестиционным портфелем (УИП). Какой объем накоплений я могу перевести по новым правилам?

Келесі

Оқи отырыңыз...

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *