Басты ақпарат

♻️ ЫНТАЛЫ ТОП: ҚАРАҚҰМ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ФОРМАТЫНДА КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ

0

📣 Қарақұм ауылдық Мәдениет үйінің кітапханасында АЭС салу бойынша жалпыұлттық референдумды өткізуді түсіндіру мақсатында зиялы қауым өкілдері, қоғамдық ұйым төрағалары мен ауданның «Құрметті азаматтары», жалпы білім беретін мектептердің физика және биология пәнінің тәжірибелі ұстаздарынан құрылған ынталы топ тұрғындармен дөңгелек үстел форматында кездесу өткізді.


🔹 Жиын барысында «Ынталы топ»: Еліміздің болашағы үшін әрбір маңызды қадам жұртшылықпен бірлесіп жасалуы тиіс. Атом электр станциясы туралы референдумға қатысты да дәл солай болуы қажет. Өздеріңіз білесіздер референдум тақырыбының қоғам талқысына түскеніне бір жыл болды. Бұл еліміздің әрбір азаматының жан-жақты ойланып, салмақты шешім қабылдауына жеткілікті мерзім деп ойлаймын. Атом электр станциясын салу және пайдалану өңірлерде жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді, бұл дегеніміз жұмыссыздықты азайтуға және халықтың өмір сүру деңгейін жақсартуға ықпалы тиеді. Қазіргі баршамыздың міндетіміз еліміздің жарқын болашағы үшін алдағы 6 қазан күні өтетін референдумға қатысып, өзіміздің дұрыс таңдауымыз.


💬 Жиында АЭС салудың артықшылықтары мен тиімділігі туралы түсіндіріліп, дамыған елдердің АЭС салу тәжірибелері, елдің экономикалық әл-ауқатының артуы мен ғылымның дамуы жайында айтылды.
💡 Сонымен қатар, атом электр станциясын салу еліміз үшін үлкен мүмкіндіктерге жол ашатыны айтылып, референдумда әрбір азаматтың дауысы маңызды екенін жеткізілді.
💡 Жиын соңында, тұрғындар тарапынан атом электр станциясының халыққа пайдасы мен зияны туралы және қай жерде салынатыны жөнінде сауалдарын қойып, білікті ұстаздар тарапына дәйекті жауап берді.

♻️ АЭС — ЭНЕРГЕТИКА ТӘУЕЛСІЗДІГІН ШЕШУДЕ МАҢЫЗДЫ ҚАДАМ

Алдыңғы

АЭС — энергетикалық тәуелсіздік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету жолындағы маңызды нысан.

Келесі

Оқи отырыңыз...

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *