Басты ақпарат

АЭС — энергетикалық тәуелсіздік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету жолындағы маңызды нысан.

0

♻️АЭС — энергетикалық тәуелсіздік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету жолындағы маңызды нысан.
Балқаш көлінің жағалауындағы жоба еліміздің бірнеше өңірінде энергия тапшылығын болдырмауға және импортқа тәуелділікті азайтуға бағытталған. Сонымен қатар, станция электр энергиясының тұрақты бағасын қамтамасыз етеді. Сала мамандары бұл жөнінде нақты тұжырымдарын айтып жатыр.
♻️Қазақстандағы АЭС 90-шы жылдардан бастап еліміздің энергетикасын қамтамасыз ету үшін маңызды экономикалық жоба ретінде қарастырылған екен.
2023 жылдың күзінде МАГАТЭ мамандары Балқаш көлінің маңында АЭС салуға кедергі келтіретін факторлар жоқ екенін тағы да растады. Құрылыс процесі МАГАТЭ және WANO сияқты халықаралық ұйымдардың бақылауында болады, бұл қауіпсіздіктің жоғары стандарттарының сақталуын қамтамасыз етеді.
♻️Жалпы әлемдік тәжірибеге сәйкес орта есеппен екі блокты АЭС салу 8 мыңға дейін адамды жұмыспен қамтамасыз етеді. Жоғары оқу орнына түсуші жастар осы салаға қатысты мамақдықты таңдап, кәсіби әрі ғылыми тұрғыдан білімін жетілдіремін десе оларға қолдау жа көп болары анық. Онжылдықтың көлеміндегі құрылыс басталатын болса, онда жұмыс істейтін жастар еліміздің азаматтары болуы қажет. Сондықтан, референдум қорытындысы бойынша “қолдаушы” дауыс басым түссе, сол сәттен бастап салалық білімге бет бұруымыз қажет.

П.Жүніс,

Қажымұқан ауылдық округі әйелдер кеңесінің төрайымы.

♻️ ЫНТАЛЫ ТОП: ҚАРАҚҰМ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ФОРМАТЫНДА КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ

Алдыңғы

АЭС – БОЛАШАҚТЫҢ ЭНЕРГИЯСЫ

Келесі

Оқи отырыңыз...

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *