Басты ақпарат

«ТАЗА БЕЙСЕНБІ» ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯСЫ

0

Мемлекет бас­шы­сы­ның тапсыр­мас­ы­мен «Та­за Қа­зақстан» жал­пы­ұлт­тық науқаны жария­ла­нып, таза­лық жүргізуді бір рет­тік науқан емес, қо­ғам­­ның күнделікті өмір сал­тына айналуын ұйым­дастыру міндеті белгі­лен­ді. Атал­ған тапсыр­маны нақтылы іске асыруда «AMANAT» пар­тия­сы «Та­за бей­сен­бі» рес­пуб­лика­лық эко­ло­гия­­­лық акция­сын жа­рия­ла­ды. Әр апта­ның бей­сен­­бі күн­дері өтетін таза­лық жұ­мыс­­та­рына түрлі дең­­гейдегі мә­с­лихат­тар­да­ғы пар­­тия­­­мыз­­дың фрак­­­ция мү­ше­лері, өңір­лік, аудан­дық, қа­лалық партия фи­лиал­­дарының қыз­мет­кер­­лері, бастауыш пар­­тия ұйым­да­рының мү­ше­­лері, «Жас­тар рухы» жас­­­тар қанатының бел­сен­ділері, қатар­дағы пар­­тия­ла­ста­ры­мыз қа­ты­сып, ең лас­тан­ған ай­­мақ­тарда сани­тар­лық та­залық жұ­­мыс­­тарын атқарып келе­ді.
Тұрақты негізде, апта сайын ұйым­дас­тыры­ла­тын акцияның өте­тін ай­мақ­­тары ал­дын-ала бел­гі­ле­ніп, әр науқанға кемі 100 адам­­­­нан қа­тыс­ты­рып, қо­ғам­дас­тық­тың эко­ло­гия­лық сана­сын қа­лып­тас­ты­ру­ға, туған жер­дің табиға­тын ая­лап, кү­тіп-ұс­тау мә­де­ниетін кө­те­ру­ге басым­дық берілді. Түр­кістан об­лы­­сы бойын­ша, пар­­тия­ның ұйытқы бо­луы­­мен «Та­за бейсен­бі» ак­циясы өте­тін 242 нүк­те белгі­лен­ді. Бұл ай­мақтар аудан, қа­ла­лар­­­дағы ең көп лас­тан­­­­ған нүктелер санат­ы­на жа­та­ды.
Өткен аптаның бей­сенбісінде акцияның бі­рін­­ші науқаны ая­сын­да пар­тияның өңірлік фи­лиа­лының қызмет­кер­лері Түр­кістан қа­лалық партия фи­лиа­лы­мен жә­не Түркіс­тан қалалық мә­слиха­тын­дағы партиялық фра­к­ция де­пу­татта­ры­мен бір­лесе Түр­кістан қа­ласындағы ма­гист­рал­ды темір жолдың бойын эко­логиялық та­зар­­ту акция­сына қа­тыс­ты. Аманат­тық өкіл­дер бей-берекет шашылған қоқыс­ты жи­нап, аймақтың таза кей­пін қалпына кел­ті­руге жәр­демін көр­сет­ті. Ай­налада тұратын тұр­ғын­­дарға қазақ ру­хания­тының алтын бе­сігі бол­ған ша­һар­ды кү­тіп-ұстау бүкіл түркіс­тандықтар бір­лесе ат­қа­ратын абырой­лы мін­дет екені түсін­дірі­ліп, жа­сы­рын келіп осы ау­мақ­қа күл-қо­қыс тө­ге­тін көлік­тер­ді бай­­қай­т­ын бол­са, лез­де учас­­келік по­лиция инс­пек­­то­рына х­а­бар беру ке­рек­тігі ескер­тілді.
Акцияның осы ап­та­дағы науқаны бары­сында ау­дан орталығы Те­мір­лан­­дағы Арыс өзе­ні бойын­­да сани­тар­­лық та­за­лық жұ­мыс­­тары жүр­гізілді. Бар­­лығы 200-ден ас­там аза­маттың басын қос­қан нау­қанға аудан әкі­мі Азат Орал­баев, «AMANAT» пар­тиясы Түр­кістан облыстық фи­лиа­лы­ның тө­ра­ға­сы, Түр­­кіс­тан об­лыс­тық мәс­ли­­­ха­тын­­дағы пар­тиялық фрак­­­­ция­ның жетекшісі Ал­тын­­сары Үмбетәлиев, об­лыс­­­тық мәс­лихат­тың д­е­пу­таты Ғани Райым­бе­ков қа­тысып, таза­лық жұмыс­та­ры­на үлес­­­­терін қосты.

ҚАРЖЫ САРАПШЫСЫН ҚАБЫЛДАДЫ

Алдыңғы

ЖАН ТАЗАЛЫҒЫ АДАМДЫҚҚА БАЙЛАНЫСТЫ

Келесі

Оқи отырыңыз...

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *