№1. СҰРАҚ «Ордабасы аудан әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ Құрылыс саласындағы құрылыс салуға рұқсат беру рәсімдерінен өту қалай жүреді?
ЖАУАП: Жеке және заңды тұлғалардың елді мекеннің аумағында жер учаскелерiн құрылыс салу үшін (коммуникациялар жүргізуді, аумақты инженерлік жағынан дайындау, абаттандыру, көгалдандыру және учаскені жайғастырудың басқа да түрлерiн қоса алғанда) пайдалануы, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасының негізінде және нысаналы мақсатын немесе сервитутты, аумақты аймақтарға бөлуді, қызыл сызықтарды және құрылыс салуды реттеу сызықтарын, құрылыс салу мен оны пайдалану қағидаларын сақтай отырып, Қазақстан Республикасының Жер кодексіне және Құрылыс саласындағы құрылыс салуды ұйымдастыру және рұқсат беру рәсімдерінен өту қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады.
Құрылыс саласындағы құрылыс салуға рұқсат беру рәсімдерінен өту үшін бірқатар рәсімдерді орындау және қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілі бір талаптарға сай болу қажет. Бұл процесті реттейтін негізгі қадамдар мен ережелер:
Құрылыс жөніндегі жобаларды іске асыру жер учаскесіне тиісті құқығы негізінде және келесі кезеңдерде жүзеге асырылады:
1) құрылыс жобаларын әзірлеу үшін бастапқы материалдарды алу (құрылыс үшін жер учаскесімен бірге бастапқы материалдарды беруден басқа);
2) эскизді (эскиздік жобаны) әзірлеу және келісуден өткізу;
3) жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеу (бұдан әрі – жобалау) және құрылыс жобаларын ведомстводан тыс кешенді сараптамадан (бұдан әрі – сараптама) өткізу;
4) мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауын жүзеге асыратын органдарға құрылыс-монтаждау жұмыстарының басталғаны туралы хабарлау және құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүзеге асыру;
5) салынған объектіні қабылдау және пайдалануға беру.
Құрылыс жобаларын әзірлеу үшін бастапқы материалдар мыналарды қамтиды:
1) сәулет-жоспарлау тапсырмасы (бұдан әрі – СЖТ);
2) инженерлік және коммуналдық қамтамасыз ету көздеріне қосылу үшін техникалық шарттар (бұдан әрі – техникалық шарттар);
3) жолдар мен көшелердің көлденең қималары;
4) тік жоспарлау белгілері;
5) егжей-тегжейлі жоспарлау жобасынан алынған үзінді көшірме;
6) сыртқы инженерлік желілер трассасының схемалары.
Жобалау алдындағы және жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын әзірлеуді тиісті жұмыс түрлеріне лицензиясы бар жеке және заңды тұлғалар жүзеге асырады.
Өтініш беруші барлық қажетті құжаттарды портал арқылы береді.
«Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы»
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі N 242 Заңы.
Құрылыс саласындағы құрылыс салуды ұйымдастыру және рұқсат беру рәсімдерінен өту қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 750 бұйрығымен бекітілген. Құрылыс саласындағы құрылыс салуға рұқсат беру
№2. СҰРАҚ «Ордабасы ауданы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» КММ Көше атауын өзгертуге қажетті құжаттар және тәртібі қандай?
ЖАУАП: Атау беруде құқықтық нормативтік құжаттар басшылыққа алынады. Бұл жұмыстарды жүргізу үшін ҚР «Тіл туралы Заңы», «ҚР әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңы, әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне (көшелерге) атау беру, обьектілерге атау беру, жалпы атаулардың транскрипциясын нақтылау, өзгерту және қайта атау туралы ҚР Үкіметінің қаулылары негізінде іске асады.
Қазақстан Республикасындағы тiл туралы
25-5-бап. Ономастика жұмысының критерийлері
Қазақстан Республикасының аумағындағы әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөлiктерiне, әуежайларға, порттарға, теміржол вокзалдарына, теміржол стансаларына, метрополитен стансаларына, автовокзалдарға, автостансаларға, физикалық-географиялық және мемлекет меншігіндегі басқа да объектілерге атау беру және оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту және мемлекеттік заңды тұлғаларға, мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға жеке адамдардың есімдерін беру жөніндегі ономастика жұмысының критерийлері:
1) тарихи, географиялық, табиғи және мәдени ерекшеліктерді ескеру;
2) әдеби тіл және орфография нормаларына сәйкестік;
3) бір әкімшілік-аумақтық бірліктің шегіндегі елді мекендерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне бір атауды бір мәрте ғана беру;
4) жеке адамның есімімен аталған, ол берілген (өзгертілген) күннен бастап кемінде он жыл өткен соң берілген есімді қайта атау, оны өзгерту;
5) қаһармандық пен ерлік танытқан, мемлекет тәуелсіздігін нығайтуға ерен үлес қосқан тұлғалардың есімдерін беру жағдайларын қоспағанда, аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткерлерінің, ғылым, мәдениет қайраткерлерінің және Қазақстан Республикасы мен әлемдік қоғамдастық алдында еңбек сіңірген басқа да адамдардың жеке есімдерін қайтыс болған күнінен бастап кемінде бес жыл өткен соң беру болып табылады.
Көше атауын өзгерту кезінде Қазақстан Рес¬публикасы Президенті Әкімшілігінің 2017 жылғы 28 ақпандағы №17-388-5 тапсырмасына сәйкес, тарихи атауларды жаңғырту мақсатында идеологиялық тұрғыдан ескірген және қайталанатын атауларды тарихи жер-су атаулары және ұлттық танымға жақын дәстүрлі атаулармен өзгерту, сондай-ақ, кісі аттарына мейлінше шектеу қойылғандықтан, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі тарапынан ортақ тарихи сананы қалыптастыру мақсатында «Тарихи тұлғалар», «Тарихи жер-су атаулары» және «Дәстүрлі атаулар» тізімдері әзірленіп, Қазақстан Рес-публикасы Президенті Әкімшілігімен келісіліп, жұмыс барысында басшылыққа алынады. ҚР «Тіл туралы Заңы», «ҚР әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңы, әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне (көшелерге) атау беру, обьектілерге атау беру, жалпы атаулардың транскрипциясын нақтылау, өзгерту және қайта атау туралы ҚР Үкіметінің қаулылары
Көше атауын өзгерту
Көшеге кісі есімін беру
№3. СҰРАҚ «Ордабасы ауданы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» КММ «2 разряд спортшы», «3 разряд спортшы», «1 жасөспірімдік разряд спортшы», «2 жасөспірімдік разряд спортшы», 3 жасөспірімдік разряд спортшысы» спорттық разрядтарын алу үшін не істеу керек?
ЖАУАП: Спорттық атақтар, разрядтар және біліктілік санаттарын беру қағидалары «Дене шынықтыру және спорт туралы» ҚР Заңының 7-бабының 25)тармақшасына сәйкес әзірленеді. «2 разряд спортшы», «3 разряд спортшы», «1 жасөспірімдік разряд спортшы», «2 жасөспірімдік разряд спортшы», «3 жасөспірімдік разряд спортшысы» спорттық разрядтарын беру үшін: бастапқы спорттық ұйымның мөрімен және қолымен расталған қолдаухаты; спорт түрі бойынша облыстық федерацияның мөрімен расталған облыстық және қалалық жарыстар, спорт түрі бойынша аккредиттелген облыстық федерация болмаған жағдайда, облыстық дене шынықтыру және спорт жөніндегі атқарушы органның мөрімен расталған жарыстар немесе аудандық, қалалық дене шынықтыру және спорт жөніндегі атқарушы органның мөрімен расталған аудандық жарыстар хаттамаларының көшірмесі;
Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі төрағасының 2014 жылғы 29 шілдедегі №300 бұйрығы. Спорттық атақтар, разрядтар және біліктілік санаттары.
№4. СҰРАҚ Ордабасы ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі Ордабасы ауданында еріктілікке байланысты қандай жобалар, бағдарламалар және қолдау шаралары жүзеге асырылуда ?
ЖАУАП: 1. Ордабасы ауданында еріктілік қызметін дамытуға бағытталған жобаларды және еріктілерді тарту бойынша насихаттау жұмыстары кеңінен жүргізілуде.
Ордабасы ауданында еріктілікті дамыту мақсатында ауданның білім ошақтары мен орта арнаулы оқу орнында еріктілікті насихаттау жұмыстары кеңінен жүргізілуде.
5 желтоқсан күні Еріктілер күніне орай аудан көлемінде аудан әкімінің арнайы алғыс хаттарымен мараппатталып, белсенді деп танылған 2 ерікті жасқа бағалы сыйлықтар мен сертификаттар табысталды.
Еріктілермен атқарылған жұмыстарды Ордабасы жастар орталығы фейсбук парақшасынан немесе @ordabasy_jastar_ortalygy инстаграм парақшасынан біле аласыз. «Біз біргеміз» ерікті жастарының бастамасымен көру мүмкіндігінен айырылған азаматтарға, үй шаруасына тұрақты түрле қолғабыс көрсетіледі. «Таза Қазақстан» эко акциясы мен «Мейірімділік жүректен» акциясы, «Ерікті болу ердің ісі», «Алғыспен нұрланар жүрегіміз» іс-шаралары бойынша «Біз біргеміз» еріктілерімен осы бағытағы тақырыптарда 2025 жылы жұмыстар атқару жоспарлануда.
https://www.facebook.com/share/1ARZooyBsu/?mibextid=wwXIfr
Еріктілердің қызметі туралы Қазақстан Республикасының Заңы 2016 жылғы 30 желтоқсандағы №42-VI ҚРЗ.
Еріктілер,
@ordabasy_jastar_ortalygy
№5. СҰРАҚ «Ордабасы ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ Тұрғын үй кезегіне тұру мүмкіндігі? ЖАУАП: Kezekte.kz порталы арқылы тұрады. Тұрғын үй кезегіне тұру үшін бірнеше қадамды орындау қажет.
1. Құжаттарды жинау: Тұрғын үй кезегіне тұру үшін қажетті құжаттарды жинау қажет. Оларға мыналар кіреді:
o Жеке куәлік немесе паспорт
o Отбасы мүшелерінің құжаттары (туу туралы куәлік, неке туралы куәлік, мүгедектігі тұралы анықтама болған жағдайда т.б.)
o Жұмыс орнынан анықтама
o Табысы туралы анықтама
2. Өтініш беру: Әр азамат өз электрондық қолтаңба кілті арқылы «Kezekte.kz» порталымен өтініш тастау керек. Өтініш формасын толтырып, қажетті құжаттарды тіркеу қажет.
3. Кезекке тіркелу: Сіздің өтінішіңіз қаралып, егер барлық талаптар орындалса, сіз тұрғын үй кезегіне тіркелесіз. Сізге кезек нөмірі беріледі.
4. Кезекті бақылау: Тұрғын үй кезегінің жағдайын бақылап отыру үшін Kezekte.kz порталы немесе тұрғын үй бөлімінен тексеріп тұру ұсынылады. «Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй қатынастары» 71-бап. Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үй беруге болатын Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке алу
Кезекке қою, кезек бойынша тұрғын үй беру
№6. СҰРАҚ «Ордабасы ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі» КММ Кәсіпкерлікті қолдауға жеңілдетілген несиені алу үшін не қажет ? ЖАУАП: Қазақстан Республикасында жеңілдетілген несие алу үшін банктерде ұсынылатын талаптарға сай болуы қажет. Алайда Республика аумағындағы аудандарда орналасқан кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтарына жүгінуге болады.
Қазақстан Республикасында кәсіпкерлікті қолдауға несиені рәсімдеуүшін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілі бір талаптарға сай болу қажет. Бұл процесті реттейтін негізгі қадамдар мен ережелер:
Бизнес-жоспар әзірлеу.
Онда жобаны іске қосу және дамыту шығындары, барлық кірістер мен алға қойған мақсаттарыңызға қол жеткізу үшін жоспарлаған шаруаларыңызды түгел жазып көрсету. Бұл – өтініш берушінің қаншалықты дамуға мүмкіндігі бар екенін және шығындардың кіріс боп қайтар уақытын бағалау үшін қажет.
Несие шарттары.
Өтінім беруші шарттармен танысып, өзіне ыңғайлы бағдарлама таңдай алады. Артық төлем мөлшері қанша, жоспарлы және мерзімінен бұрын өтеу шарттары қандай, төлем уақыты бұзылған жағдайда айыппұл қалай есептелетініне назар аударуы қажет.
Кепілдік.
Кепілдік мөлшері дайын болуы қажет. Қарыз алу үшін жылжымайтын мүлік, автомобиль, бағалы қағаздар немесе банктегі салым да көмектесе алады. Несие алу үшін кепіл ретінде ұсынатын мүлік өтімді болғаны маңызды.
Қорытынды.
Аталған құжаттарды жинап, қаржы ұйымына несие алуға өтінім беруге болады. Несиені мақұлдаған кезде несие шартына қол қойып және жобаңы дамытуға қаражат салады. Қазақстан Республикасының ауылдық аумақтарын дамытудың 2023 – 2027 жылдарға арналған тұжырымдамасын бекіту туралы заңы
«Қазақстан Республикасының ауылдық аумақтарын дамытудың 2023 – 2027 жылдарға арналған тұжырымдамасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 26 қарашадағы № 1 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2023 жылғы №270 қаулысымен бекітілген. Шағын кәсіпкерлікті ашу; Жеңілдетілген несие рәсімдеу
№7. СҰРАҚ «Ордабасы ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» ММ «Дипломмен ауылға» бағдарламасына кімдер қатыса алады?
ЖАУАП: Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген әлеуметтік және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілері қатыса алады. Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілері қатыса алады. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы № 72 бұйрығы Әлеуметтік қолдау
№8. «Ордабасы ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі» КММ Ауыл шаруашылығы жануарларын субсидиялау шарттары қандай? Сонымен қатар ІҚМ және ІҚМ өндірілетін өнімдерге қанша теңге көлемінде субсидия төленеді? «Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 15 наурыздағы №108 бұйрығына сәйкес өтінім беріледі және осы бұйрықтың №1 қосымшасындағы өлшем шарттары неізінде төленеді.
Субсидиялар:
ауыл шаруашылығы өнімін өндірумен айналысатын жеке немесе заңды тұлғаларға;
тектік әлеуеті жоғары малдың (асыл тұқымды мал шаруашылығы) өсімін молайтумен, оларды сақтаумен және өсірумен айналысатын жеке және заңды тұлғаларға;
ауыл шаруашылығы жануарларының аналық басын қолдан ұрықтандыру бойынша қызметтер көрсететін асыл тұқымдық орталықтарға, асыл тұқымды жануарлардың ұрығы мен эмбриондарын өткізу жөнiндегi дистрибьютерлік орталықтарға, ұрықтандырушы-техниктерге төленеді.
Субсидияға өтінім беру үшін тауар өндіруші СМАЖ-да тіркелуі қажет. Тауар өндіруші өз бетінше, ЭЦҚ көмегімен тіркеледі.
Жеке кабинетте тіркелу үшін тауар өндіруші мынадай ақпаратты көрсетеді:
1) жеке тұлғалар (дара кәсіпкерлер) үшін: жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН), аты, әкесінің аты (бар болса) және тегі;
2) заңды тұлғалар үшін: бизнес сәйкестендіру нөмірі, толық атауы; бірінші басшының аты, әкесінің аты (бар болса), тегі және ЖСН-сы;
3) байланыс деректері (почталық мекенжайы, телефоны, электрондық почтасының мекенжайы);
4) екінші деңгейдегі банктің ағымдағы шотының деректемелері.
Жоғарыда көрсетілген деректер өзгерген кезде тауар өндіруші 1 (бір) жұмыс күні ішінде Жеке кабинетке енгізілген деректерді өзгертеді.
Селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстарды жүргізу:
Ірі қара малдың тауарлық аналық басы – 10 000 тг
Ірі қара малдың асыл тұқымдық аналық басы – 15 000 тг
Ет және ет-сүт бағытындағы отандық асыл тұқымды тұқымдық бұқа сатып алу – 150 000 тг
Отандық ірі қара малдың асыл тұқымды аналық басын сатып алу: — 150 000 тг
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінен, Украинадан әкелінген — 225 000 тг
Австралиядан, Солтүстік және Оңтүстік Америка елдерінен, Еуропа елдерінен әкелінген – 300 000 тг
Сүт өндірісінің құнын арзандату:
600 бастан басталатын бағымдағы сиырлары бар шаруашылықтар – 45 тг
400 бастан басталатын бағымдағы сиырлары бар шаруашылықтар – 30 тг
Саны 50 бастан басталатын бағымдағы сиырлары бар шаруашылықтар – 20 тг
«Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 15 наурыздағы №108 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 20 наурызда №18404 болып тіркелді. Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыру
№9. СҰРАҚ «Ордабасы ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ Атаулы әлеуметтік көмек кімге беріледі?
ЖАУАП: Атаулы әлеуметтік көмек жан басына шаққандағы орташа кірісі кедейлік шегінен аспайтын Қазақстан Республикасының азаматтарына, Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын қандастарға, босқындарға, шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға беріледі.
Атаулы әлеуметтік көмек Кодекстің 120-бабының 4-тармағына сәйкес жан басына шаққандағы орташа табысы облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда, астанада белгіленген кедейлік шегінен аспайтын адамға немесе отбасыға шартсыз немесе шартты ақшалай көмек түрінде беріледі.
Шартсыз ақшалай көмек
Шартсыз ақшалай көмек:
1) жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына қатысуға мүмкіндігі шектеулі жалғызбасты және (немесе) жалғыз тұратын кірісі аз адамдарға:
осы Кодекстің 207-бабының 1-тармағында белгіленген зейнеткерлік жасқа толуына;
бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігіне;
екі айдан астам еңбекке уақытша қабілетсіздік мерзімі белгіленуі мүмкін ауруының болуына байланысты;
2) құрамында еңбекке қабілетті адамдары жоқ немесе еңбекке қабілетті жалғыз мүшесі үш жасқа дейінгі балаға, мүгедектігі бар балаға, бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігі бар адамға, бөгденің күтіміне және көмегіне мұқтаж қартқа күтімді жүзеге асыратын кірісі аз отбасыларға көрсетіледі.
Шартты ақшалай көмек
1. Шартты ақшалай көмек осы баптың 4-тармағында көрсетілген адамдарды (отбасыларды) қоспағанда, жалғызбасты және (немесе) жалғыз тұратын кірісі аз еңбекке қабілетті адамдарға, сондай-ақ отбасы құрамында еңбекке қабілетті мүшесі (мүшелері) бар кірісі аз отбасыларға ол (олар) жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына қатысқан жағдайда және (немесе) қажет болғанда әлеуметтік бейімдеу кезінде көрсетіледі.
2. Әлеуметтік келісімшарт жасасу шартты ақшалай көмек тағайындаудың міндетті талабы болып табылады.
Шартты ақшалай көмекті алушылармен әлеуметтік келісімшарт шартты ақшалай көмек тағайындау кезеңіне жасалады.
Әлеуметтік келісімшарттың, жеке көмек көрсету жоспарының нысандарын уәкілетті мемлекеттік орган бекітеді.
3. Шартты ақшалай көмек алушылармен әлеуметтік келісімшарт кірісі аз адам (отбасы) әлеуметтік келісімшарттың талаптарын және жеке жоспардың іс-шараларын, оның ішінде жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына қатысу және жұмысқа орналастыру жөніндегі іс-шараларды толық көлемде орындамаған, сондай-ақ шартты ақшалай көмекті заңсыз тағайындауға және (немесе) төлеуге алып келген жалған мәліметтер және (немесе) анық емес құжаттар ұсынылған кезде бұзылады.
Әлеуметтік келісімшартты бұзу адамға (отбасына) шартты ақшалай көмектің төленуін тоқтатуға негіз болып табылады.
Шартты ақшалай көмекті төлеу үшін жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына қатысу:
1) бірінші және екінші топтардағы мүгедектігі бар адамдарға;
2) күндізгі оқу нысанында оқитын оқушыларға, студенттерге, тыңдаушыларға, курсанттар мен магистранттарға;
3) екі айдан астам еңбекке уақытша қабілетсіздік мерзімі белгіленуі мүмкін ауруы бар адамдарға;
4) үш жасқа дейінгі балаға күтім жасайтын ата-ананың біреуіне, мүгедектігі бар балаға, бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға, бөгде адамның күтімі мен көмегіне мұқтаж, сексен жастан асқан қарттарға күтімді жүзеге асыратын адамдарға міндетті шарт болып табылмайды.
Үш жасқа дейінгі балаға, мүгедектігі бар балаға, бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға, бөгде адамның күтімі мен көмегіне мұқтаж, сексен жастан асқан қарттарға күтімді жүзеге асыратын адам ретінде отбасының еңбекке қабілетті бір ғана мүшесі жатқызылуы мүмкін;
5) тұрақты жұмысы бар адамдарға міндетті шарт болып табылмайды.
Атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адам (отбасы) атаулы әлеуметтік көмек туралы ақпарат алу үшін тұрғылықты жері бойынша мансап орталығына, ал тұрғылықты жері бойынша мансап орталығы болмаған жағдайда – кент, ауыл, ауылдық округ әкіміне (бұдан әрі – әкім) жүгінеді. Сонымен қатар, «электрондық үкіметтің» веб-порталы www. egov. kz (бұдан әрі – «портал»), ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы арқылы өтініш білдіруге болады.
Қазақстан Республикасының Әлеуметтік Кодексі (Қазақстан Республикасының 2023 жылғы 20 сәуірдегі № 224-VII ҚРЗ Кодексі),Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары — Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 21 маусымдағы № 227 бұйрығы.
Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адамның (отбасының) жиынтық кірісін есептеу қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 26 мамырдағы № 181 бұйрығы Атаулы әлеуметтік көмек
10 «Ордабасы ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ Есту қабілеті нашар мүгедектігі бар адамдарға берілетін құралдардың мерзімін қысқарту Есту қабілеті нашар мүгедектігі бар адамдарға абилитациялаудың және оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес сурдотехникалық құралдар белгіленген мерзімде мемлекет тарапынан тегін беріледі. Абилитациялаудың және оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес сурдотехникалық құралдар төменде белгіленген мерзімде қайта беріледі:
ҰОС қатысушылары мен ҰОС мүгедектігі бар адамдарына есту аппараты-3 жылдан ерте емес;
Мүгедектігі бар адамдарды қалған санаттарына есту аппараты-4 жылдан ерте емес;
Веб-камерасы бар ноутбук-5 жылдан ерте емес;
Көп функциялы сигнал беру жүйесі-5 жылдан ерте емес;
Мәтіндік хабарламалы және хабарлар қабылдайтын ұялы телефон-5 жылдан ерте емес;
Саңырау және нашар еститін адамдарға арналған сағат-5 жылдан ерте емес;
Кохлеарлық импланттарға сөйлеу процессоры- оларды орнатқан (ауыстырған) күннен бастап 5 жылдан ерте емес;
Дауыс шығаратын аппарат-5 жылдан ерте емес мерзімде. Мүгедектігі бар адамды абилитациялаудың және оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес мүгедектігі бар адамдарды протездік-ортопедиялық көмекпен, техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдармен, арнаулы жүріп-тұру құралдарымен, оларды ауыстыру мерзімдерін қоса алғанда, қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары — Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 287 бұйрығы. Мүгедектігі бар адам.
Comments