Отырар аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданды. Әйел адамның айтуынша, оның үйіндегі жатын бөлмедегі шкафтың ішінде тұрған бағалы тонының үйіне келген қонақтардың бірі жасырын ұрлап кеткен. Аталған оқиғаны полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 188-бабы 1-бөлігі «Ұрлық» бойынша тіркеуге алды.
Ақпарат алған бойда тәртіп сақшылары көрсетілген мекенжайға жетті. Олар сұрастыру жұмыстарын жүргізіп, жедел-тергеу тобы құрылды. Нәтижесінде тонды ұрлаған күдікті жәбірленушінің жақын танысы, жергілікті тұрғын болып шықты. Анықталғандай, ер адамның құмар ойын ойнайтындығы белгілі болған. Оған ақша қажет болған соң, туысының тонын ұрлап, ломбардқа өткізген. Алған ақшаны бас пайдасының қажеттілігі үшін жаратып жіберген. Ұрланған тон айғақты зат ретінде алынып, заңды иесіне қайтарылды. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері тұрғындарға ғимараттар мен тұрғын үйлерге, дүкендерге бейнебақылау камералары мен дабылқаққыштар орнатуға кеңес береді. Егер де сіз, ұрлық қылмысының куәсі болсаңыз, полицияның 102 нөміріне хабарласыңыз.
Comments