Басты ақпарат

Отбасы — бақыт мекені

0

«Қазақстан Республикасындағы кәсіптік және өзге де мерекелер туралы»  ҚР-сы Президентінің 1998 жылғы 20 қаңтардағы № 3827 Жарлығына сәйкес қыркүйектің екінші жексенбісі «Отбасы күні» болып табылады.

Ел Президенті мекмлекет-отбасыдан басталатын және біздің қоғамда негізгі отбасылық құндылықтарды нығайтудың маңыздылығына ерекше назар аудару қажет деп атап өтті.

«Отбасы күні» акциясының өткізілуіне байланысты, Ордабасы  АПБ-сы   өткізілетін акция мақсаты, неке және отбасы институтын нығайту, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу болып табылды.

Заманға сай отбасында бала тәрбилеу аса үлкен жауапкершілік пен білімді талап етеді. Қазақ үшін отбасынан киелі ештеңе жоқ. Өмірге келген нәрестеге ана махаббаты мен кіршіксіз таза көңілі ауадай қажет. Отбасы-сыйластық, жарастық орнаған орта болып табылады.

Осыған орай, Ордабасы ауданы тұрғындарын «Отбасы күнімен» құттықтай отырып, әрбір шаңыраққа құт береке мен бірлік,  табыс пен бақыт, әрқашан отбасымыз аман, босағамыз берік болғай.

Ж.Мұратбекова,

Ордабасы  АПБ ЖПҚ ӘЗЗҚТ-ның инспекторы полиция лейтенанты. 

 

ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДА ЖАҢА САЯБАҚ АШЫЛДЫ

Алдыңғы

Оқи отырыңыз...

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *