Басты ақпарат

ORDABASY: “ЕРЛІК-ЕЛГЕ МҰРА, ҰРПАҚҚА ҮЛГІ” ШАРАСЫ ӨТТІ

0

Ордабасы ауданында Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен толықтай шығарылғанына 36 жыл толуына орай арнайы іс-шара ұйымдастырылды.

Тарихи мәні зор шараға Ордабасы ауданының әкімі Азат Оралбаев, аудандық мәслихат төрағасы Бақдаулет Жұмабеков, аудандық «Ауған соғысы ардагерлері мен мүгедектері» кеңесінің төрағасы, ауған соғысының Ардагерлері, зиялы қауым өкілдері, жастар және тұрғындар қатысты.

Іс-шара барысында қатысушылар Ауған соғысында қаза тапқан жауынгерлерді бір минут үнсіздікпен еске алып, батырлардың рухына тағзым етті. Сонымен қатар, арнайы орнатылған ескерткішке гүл шоқтарын қойып, ардагерлерге құрмет көрсетті.

Салтанатты шара Аудандық мәдениет үйінде жалғасып, онда тоғызқомалақтан жарыс өткізілді. Аудан әкімінің орынбасары Мейрамбек Ақмұратов ардагерлерді 36 жылдық мерейтойларымен құттықтап, Ауған соғысының Ардагерлеріне мемлекет тарапынан әрдайым қолдау көрсетілетінін атап өтті.

Мерекелік жиын барысында аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары арнайы дайындаған концерттік бағдарлама ұсынып, патриоттық әндер шырқалды. Сонымен қатар, ауған соғысының ардагерлері өздерінің естеліктерімен бөлісіп, тәжірибелерінен сыр шертті.

Кешегі күн – бүгінгі тарих. Сонау сұрапыл шайқасқа қатысқан қаһарман ардегерлеріміздің ерлігі бүгінгі жастарға үлгі болып, мәңгі жадымызда сақталары сөзсіз. Себебі, ерлік ешқашан ұмытылмайды.

Ордабасы ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АЛҒАШ РЕТ БАУЫР ТРАНСПЛАНТАЦИЯСЫ ӨТТІ

Алдыңғы

ТҮРКІСТАН: ТҰРҒЫНДАРДЫҢ АРЫЗ-ШАҒЫМЫ НАЗАРДАН ТЫС ҚАЛМАЙДЫ

Келесі

Оқи отырыңыз...

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *