Басты ақпарат

Ордабасы ауданының егін шаруашылығын дамыту стратегиясы

0

Ордабасы ауданының экономикасының негізін ауыл шаруашылығы құрайды, ал оның ішінде егін шаруашылығы – ең маңызды салалардың бірі. 2025 жылы егін шаруашылығын дамыту бағытында ауқымды жұмыстар жүргізіліп, өнім көлемін арттыруға бағытталған кешенді шаралар іске асырылды.

Ағымдағы жылы аудан бойынша 71,2 мың гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдары орналастырылды. Оның ішінде масақты дақылдар – 30,1 мың га, дәнді жүгері – 7,0 мың га, көкөніс – 3,5 мың га, картоп – 357 га, майлы дақылдар – 5,4 мың га, мақта – 7,2 мың га, бақша – 1,5 мың га, мал азықтық дақылдар – 16,1 мың га болды.

Өнім көлемі де айтарлықтай артты. 2025 жылдың 11 айында жалпы 391,8 мың тонна өнім жиналды. Оның ішінде масақты дақылдар – 41,3 мың тонна, көкөніс – 91,1 мың тонна, картоп – 7,4 мың тонна, майлы дақылдар – 4,5 мың тонна, бақша – 35,3 мың тонна, жүгері – 76,7 мың тонна, мақта – 22,5 мың тонна, мал азықтық дақылдар – 112,7 мың тонна. Бұл көрсеткіштер ауыл шаруашылығында технологиялық жаңашылдықтарды енгізудің нәтижесі.

Егістік жерлерді суармалы қамтамасыз ету де өнім көлемін арттырудың негізгі факторы болып отыр. Ауданда 9 каналға күрделі жөндеу жүргізіліп, су үнемдеу технологиялары 6 925 гектар жерге енгізілді. Оның ішінде 1 395 гектарға тамшылатып суғару, 200 гектарға жабырлатып суғару тәсілдері қолданылды. Мысалы, Жеңіс ауыл округінен «ПК Дала» АӨК 650 гектар жерге тамшылатып суғару арқылы мақта дақылын егіп, гектарына 45 центнерден өнім алды.

Сонымен қатар, тыңайтқыштар мен жанар-жағармай ресурстарын тиімді пайдалану да өнімділікті арттыруда маңызды рөл атқарады. 2025 жылы 14,9 мың тонна органикалық және минералды тыңайтқыштар қолданылып, көктемгі және күзгі дала жұмыстарына 6,2 мың тонна жеңілдетілген жанармай бөлінді.

Қорытындылай келе, Ордабасы ауданының егін шаруашылығын дамыту стратегиясы – өнім көлемін арттыру, заманауи технологияларды енгізу және ауыл шаруашылығының тиімділігін қамтамасыз етуге бағытталған кешенді жоспар. Бұл бағыттағы жұмыстар аудан экономикасына қосымша табыс әкеліп, ауыл шаруашылығы өнімдерінің сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.

Ордабасы ауданында мал басы бойынша өсім байқалады.

Алдыңғы

2025 жылы Ордабасы ауданы бойынша бірқатар каналдарға күрделі жөндеу жүргізілді.

Келесі

Оқи отырыңыз...

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *