Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің 2024 жылғы 12 қаңтардағы №06-39-03-/73 келісім хатына сәйкес, «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына уәкілетті органмен немесе оның аумақтық бөлімшесімен келісу бойынша аудан әкімінің № 9 санды өкімімен 2024 жылдың 16 қаңтарынан бастап, Кадиев Жуманалы Ыбыжанович арнаулы тексерудің оң нәтижесін алғанға дейін еңбек шарты негізінде Ордабасы ауданы әкімі аппараты басшысының міндетін уақытша атқарушы қызметіне тағайындалды.
Аудан әкімі Азат Оралбаев жаңадан тағайындалған аппарат басшысын аудан активіне таныстырып, жаңа қызметіне сәттілік тіледі.
Кадиев Жуманалы Ыбыжанович 1972 жылғы 11 ақпан Оңтүстік Қазақстан облысы, Бәйдібек ауданында дүниеге келген. М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде Есеп және аудит, Құқықтану мамандығы бойынша білім алған.
Алғаш еңбек жолын 04,12,1992 – 24,05,2019 ж аралығында Ішкі істер органдарында, «Қазбаспасөз» ААҚ өңірлік филиалдарында, агро, логитика саласында басшылық қызметтер атқарған.
10.01.2020 -19.05.2023 ж аралығында Арыс қаласы «Дермене ауылдық әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінде ауыл округ әкімі болып жұмыс атқарған.
Ордабасы ауданы әкімінің баспасөз қызметіъ
Comments